Роботтар адамдарды алмастырады.
Роботтар 21 - ғасырдың ең бірінші ерекшеліктерінің біреуі. Қазіргі уақытта роботтар барлық салаға еніп кеткен. Жұмыстың роботтандырылуы көптеген адамдардың жұмыссыз қалуына себеп болуда. Ең қарапапйым мысал ол телефон кітапшасы. Осыдан 10-15 жыл бұрын арнайы телефон анықтамалары бар еді. Ол анықтамаларда барлық телефон нөмірлері тіркелеген болады. Сол кітапша арқылы телефон номер іздейтін едік. Ал қазір ол кітапшаға да оны жасайтын адамдарға қажет жоқ болып кетті. Себебі оның бәрі ұялы телефонда бар.
Роботтардың бір артықшылығы олар шаршамайды және қателеспейді. Сол үшін біз санауда калькулятор қолданамыз, себебі ол қателеспейді. Калькулятор да роботтың бір түрі.
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы.