1) Арман: – Анашым!Мен бүгін шешендік өнерден бірінші орын алып келдім! Анасы: – Жарайсың, құлыным!“Өнер алды - қызыл тіл” демекші,тіліңді қастерлеп еркін сөйлеп,осындай байқауларға қатысуың да бір өнер ғой. Арман: – Ия,анашым.Мен сізбен толықтай қосыламын.Алайда,маған әлі де дайындық керек,көп кітаптар оқуым керек... Анасы: – Қазір барып қалаған кітаптарыңды кітапханадан алайық та, екеуміз отырып дайынлалайық.Әлі де сені жүлделі орындар алады деп сенемін,балапаным. Арман: – Міндетті түрде!
3) Мұғалім: – Қане,кім жылатты Динараны?Мойындаңдар! Оқушылар: – Динара: – Апай...Әли мені жылатқан.Ол маған “ сен қортықсың ” деп тиісті.Әрі бұл бірінші рет емес. Әли: – Апай,мен ойнаған едім... Мұғалім: – Динара маған жылап келмесе,бұл қылығыңды жалғастырар ма едің сонда?Қане,кешірім сұра! Әли: – Динара,сөзім тиіп кетсе,кешірші.Мен әдейі емес.Бұдан былай қайталанбайды. Динара: – Жарайды... Мұғалім: – Оқушылар,“ойнап сөйлесеңдер де,ойлап сөйлеңдер”!Ендігде мұндай жағдайлармен кездеспейтін болайын! Оқушылар : – Ия!
2) Анар: – Кеше білесің бе... Айым: – Анар,ал сен білесің бе көп сөйлейтініңді?Сен мектептегі бар жағдайды білетін шығарсың... Анар : – Не дегің кеп тұр сонда? Айым : – “ Көп сөз - күміс,аз сөз - алтын ” ғой...Әрине,мен қарсы емеспін сенің менімен қызықтарыңды бөліскеніңе... Меніңше,сен ертең болатын байқауды ұмытып кеткен секілдісің. Анар : – А?Не байқау? Айым : – Әне көрдің бе?!Мен саған кездескен бойда мен бақ сынайтын байқау туралы айтып,қолдау сұрап жатқанымда,сен сөзімді бөліп өз әңгімелеріңді айтып кеттің ғой. Анар : – Мүлдем есімнен шығып кетіпті ғой.Кешірші... Айым: – Әрине кешіремін.Бірақ мен сенің бұдан былай өзгелер туралы жаман сөздер айтқаныңды дұрыс деп санамаймын. Анар: – Мен тырысамын бұл жағымды жеңуге...
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку