Шіркін, мынау асқар тауға өрлеудің өзі шаршатпайды ғой мені! Тауға көтеріліп келе жатып мұздықтарға бір табан жақын түстік. Қарлы бораннан аман-есен шықтық. Аспан мен тау тілдескендей бір-біріне тым жақын. Тау етегінде түнейміз деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Айнала шырша мен қарағайға тұнып тұр.