EZno
24.10.2020 03:00

Сделать казахский язык. тапсырма 6 .

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
fidawa2006ozpk8u
29.10.2022 10:02

Бердібек Соқпакбаевтың «Менің атым Қожа»атты шығармасының кейіпкерлері

• Қожа — Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.

• Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу. Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

• Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.

• Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.

• Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.

• Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

• Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.

• Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.

• Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.

• Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.

• Жақанов — Қожаның сыныптасы.

• А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".

• Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sasha210803
03.09.2022 00:51
Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1: 2 қазақстан pеспубликасының мемлекеттiк елтаңбасы  — қазақстан республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.рәмiздiк тұрғыдан қр мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. ол — елтаңбаның жүрегi.шаңырақ  — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. шаңырақ — күн шеңберi. айналған күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi  көшпелi түркiлер  үшiн үйдiң,  ошақтың, отбасының бейнесi.тұлпар  — дала дүлдiлi, ер-азаматтыңсәйгүлiгi, желдей ескен  жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота