АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің зерттеушілері мынандай қорытындыға келді. Олар бүгінгі күні 130-дан астам мемлекет жақын болашақта жаңартылатын энергия көздеріне толықтай көшуге дайын екенін анықтады. Мысалы, жыл бойы күн сәулесінің тапшылығы сезілмейтін Үндістанда күн энергиясын игерген абзал әрі рентабелді, ал көмір немесе газбен жұмыс жасайтын электр станциялары бұл елдің аумағында аталған ресурстардың тапшылығына байланысты қазір өте қымбат болып отыр.