ngazaryan
15.02.2021 14:15

Отбасы мүшелерінің немесе сыныптастырыңның табиғи дəрумендер мен препарат дəрумендерді қолдануы туралы сауалнама

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
060804528
09.10.2020 04:46

Отбасы мүшелерінің табиғи дəрумендер мен препарат дəрумендерді қолдануы туралы сауалнама.

Мейрамбек: Ата, бүгін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? Қалай демалдыңыз?

Ата: Рахмет, құлыным. Бүгін тәуір болдым. Кеше дәрігер беріп кеткен дәрі – дәрмек пен дәрумендерді уақтылы қабылдап тұру керек.

Мейрамбек: Ия, ата. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз! Мен таңертең дәрігер жазып берген рецепт бойынша дәріханадан барлығын сатып алып келдім.

Ата: Өркенің өссін, құлыным!  

Мейрамбек: Ата жалпы дәруменді қолдануға қалай қарайсыз?

Ата: Балам, мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек.  

Мейрамбек: Ата, ал дәріханада сатылатын дәрумендер ше, сонда оларды қабылдауға болмайды ма?

Ата: Жоқ, балам, қабылдауға болады әрине. Бірақ өз бетіңмен емес, тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдаған дұрыс.

Мейрамбек: Ал сіз қаншалықты жиі препарат  дәрумендерді қолданасыз?

Ата: Қазір жиі қолдануға тура келеді, өзің көріп тұрғандай, денсаулығым анда – санда сыр беріп, ауырып қалатын болып жүрмін.

Мейрамбек: Олар қаншалықты жақсы әсер береді деп ойлайсыз?

Ата: Енді әжептәуір көмегі тиеді деп ойлаймын. Қабылдағаннан кейін жақсарып қаламын.

Мейрамбек: Жақсы, ата. Мен қазір дәрумен ішетін су алып келейін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота