Объяснение:
Әрбір адам дүниеге келген соң оның туған өлкесі, отбасы секілді құндылықтар жатады. Мысалы үлкендерге деген құрмет. Біз үлкендерге құрмет деген сөзді автобуста отырып үлкен кісіге өз орнымызжы беру леп түсінсек онда қатты кетелескеніміз. Себебі үлкендерге құрмет ол оларға жылы сөйлеу, олардың қызықты әңгімелерін тыңдау және оларға көмек көрсетуден еш тайынбау секілді жағдайдарда жатады. Келесі бір құндылық біздің туған өлкеміз. Тұған жер дегенде барлығымыздың көз-алдымызға жайлау, домбыра, бесік, жылқы елестейді. Бірақ туған өлке алыста жүрсең сағынатын, жақын жүрсең жылулығын сезінетін мекен. Мейлі ол шөлді дала болса да. Адамдар үшін өз өмірінде өте аз құндылықтар бар. Сол құндылықтардан айырылмасақ одан асқан қуаныш бар ма?
3-сөйлем
1) Әрбір адамда өзінің туған жеріне деген мазабаты болады.
2) Егер өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілік, жанашылық болмаса, онда ол ел іргелі ел бола алмас еді.
3) Біз қанша өзге елде тұрып жақсы өмір сүріп жатсақ та, өз туған еліміздей жылулықты ешқашан сезіне алмаймыз.
Тыңдалым мәтіні
А)
1) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
2) Қазақстан- Республикасы. Әлем бойынша жер көлемі тоғызыншы орынды алады.
3) Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
4. Қазақстан жері өте бай, сондықтан оны пайдалы қазбалары бойынша көшбасшы мемлекет деп атауға да болады.
5.Тәуелсіздік алған күннен бері Қазақстан дамуда, біздің ауызбіршілігіміз елдің әлемдегі дамушы елдер қатарына ілігуімізге дәлел.
Ә) Мәтінде негізінен туған елге деген сүйіспеншілік одан асыл еш нәрсе жоқ екені жайлы айтылады.
Астана туралы ата мен немере арасындағы диалог.
- Ата, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, құлыным!
- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?
- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?
- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?
- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.
- Көп рахмет сізге, ата!
- Оқасы жоқ, құлыншағым!