Мысалы: Ер тостик
Кейыпкерлери: Мыстан, Ер тостик, Ерназар - Төстіктің әкесі
Төстік
Кенжекей - Төстіктің жары
Таусоғар - тау қопаратын күші бар алып күш-қуат иесі
Желаяқ - айшылық алыс жерлерді бірер сәтте басып өтетін жылдамдық иесі
Көлтауысар - Көл суын бір сәтте жұтып қоя алатын адам
Саққұлақ - адам құлағы жетпейтін жерден дыбысты ести алады
Мыстан
Бапы хан
Шойынқұлақ
Объяснение:
Ер Төстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі. «Ер Төстікте» ерте дәуірдегі халықтың мифтік танымы, ырымдары мен әдет-ғұрыптарының бәрі бар.
Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың "иелері" болған. Кейінгі замандарда олар көркемдік сипат алып, "достар осындай болса екен" деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған
1- Метафора;
2- Аллитерация;
3- Эпитет;
4- Теңеу.
Қолдану ерекшелігі:
1) Метафора - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды. Метафоралық тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады.
2) Аллитерация - өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді.
3) Эпитет - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
4) Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру. -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы жасалады.