Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көп айтылып жүр. Әрине оның пайдасы көп пе зияны көп пе? Менімше, қандай да бір зат мөлшерден тыс қолдансаң зиян, ал қажетті мөлшерде қолдансаң пайдалы. Сол сияқты компьютердің де пайдасы аз емес, ол заманауи ақпараттар көзі, онсыз біз өмірді елестете алмаймыз. Ол арқылы сабақ үйренеміз, тіл үйренуге болады, үйде отырып төлемдер төлеуге, жол жүретін болсаң билеттер сатып алуға мүмкіндігің бар. Интернет магазиндерден қалаған затыңды сатып аласың. Алыстағы достарыңмен хабарласасың. Ал, зияны оның алдында көп отырсаң, денсаулығыңа, көзіңе зиян. Қажет емес ойындарға үйір болсаң, онда компьютрге бағынышты болып, дүниені ұмытасың. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтап, тек өз пайдаңа ғана қолдана біл, ол кезде ешқандай зардап шекпейсің.
Татулық пен бірлік, менің ойымша, мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым қатынаста болу-береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. А әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «алтын алма, алғыс ал, алтын деген — жер сыйы, алғыс деген — ел сыйына» ие болады./где то осылай
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку