aleks1yus
16.06.2020 09:23

Сделать постер про казастанские тенге с рисунками

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
Deer22
06.04.2023 00:07

Екінші дүниежүзілік соғыс майданында ерлікпен қаза тапқан қазақтың даңқты қызы Әлия Молдағұлованың туғанына биыл 90 жыл толды.

Жеке құжатындағы дерек бойынша, Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда қазіргі Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Анасы Маржан 1930 жылдары ашаршылық кезінде қаза болып, әкесі Нұрмұханбет байдың баласы болғаны үшін қуғын көрген соң, кішкентай Әлия нағашысы Әбубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде болады. Сол кісінің фамилиясын алған Әлия Ленинградтағы мектеп-интернатта білім алады. Соғыс басталғанда Әлия Қазақстанға өздерімен бірге алып кетпек болған туыстарына көнбей Ленинградта қалады. Кейін өз еркімен майданға сұранған 17 жастағы бойжеткен мергендер мектебіне қабылданып, дайындықтан өткен.

Әлия Молдағұлова майдандағы алғашқы әскери наградасы – Даңқ орденін 1943 жылы Псков облысындағы Холм қаласы үшін болған ұрыстарда алған. Ал 1944 жылдың 14 қаңтарында Казачиха селосы үшін болған ұрыста опат болған командирдің орнын басып, жауынгерлерді шабуылға бастаған Әлия сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылы маусымда үкімет қаулысымен Әлия Молдағұловаға «Совет одағының батыры» атағы берілген.

Ресми деректер бойынша Әлия Молдағұлова 78 фашисті өлтірген. Оның денесі Ресейдің Псков облысында жерленген. Әлияның қабірінен ондаған шақырым жерде қазақтың тағы бір ержүрек қызы – Совет одағының батыры Мәншүк Мәметованың зираты бар.

0,0(0 оценок)
Ответ:
TigerForceCasual
22.10.2021 04:34

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота