Футболдан Қазақстан Премьер Лигасы - Қазақстан футболының ең жоғарғы дивизионы. 2010 жылдан бастап турнирде 12 команда өнер көрсетеді. Әр маусымның соңында ең төменгі орын алған 2 команда бірінші дивизионға кетеді, ал олардың орнына ол жақтағы ең жоғарғы орын алған 2 команда келеді. Жәнеде 2008 жылдан бастап қосалқы құрамдар турнирі өткізілуде.
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы
Қазақстан премьер лигасы.png
Құрылған жылы
1992
Ел
Қазақстан
Командалар саны
12
Ағымда
Астана ФК (6 рет)
Ұлттық кубок:
Футболдан Қазақстан Кубогы
Ең табысты команда
Астана ФК (6 рет)
Хабар таратушы арна
Qazsport
Сайты
kpfl.kz
Футболдан Қазақстан Чемпионаты 2020
Лига 1992 жылы құралды. Маусымы: Көктем - Күз. Басқарушы - Қазақстанның Футбол Федерациясы. 2008 жылдың ақпанында Қазақстанның Футбол Федерациясы жоғарғы лигаға бірнеше өзгерістер жасады. Жәнеде 2008 жылдан бастап Қазақстанның жоарғы лигасы - Қазақстан Премьер Лигасы деп аталатын болды.
Бауырсақ-кәделі тағам. Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды. Бауырсақ – дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Бауырсақты қазақтар ғана тұтынады десек, қателесеміз. Оны моңғол, орыс, қытай, француз қатарлы көптеген әлем елдерінің ас мәзірінен де көруге болады. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады. Мысалы, үлкен, домалақ, ішіндегі қамыры мол, сыртқы түсі аппақ бауырсақтар пісіріледі, олардан кішірек, жақсылап қуырылған қып-қызыл өріктей бауырсақтар пісіріледі, іші қуыс домалақ сары бауырсақтар, кіп-кішкентай тіске салғанда қыртылдап беретін ши бауырсақтар, төрт бұрыш пішінді ішінде қамыры мол сары бауырсақтар, төрт бұрышты жалпақ бауырсақтар тағы басқа түрлі бауырсақтар кездеседі. Бауырсақ ашытылған және ашытылмаған қамырдан пісіріледі