Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап-а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. « Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. « Кітап маған тақтан да қымбат»,- деп атап көрсеткен Шекспир. « Кітап-ең құдіретті әлем», « Кітап-күн шуағы білімнің», « Әліппенің ар жағы-білім бағы» дейді ғой халықта. Сол білім бағына жетелейтін дүние-кітап.» Иә, мен бұл сөздердің қаншалықты құнды, теңіз суындай терең мәнді етіп айтылғанын жүрегіммен сезінемін. Қазір ойлап отырсаңыз, адамзат ғана емес, күллі тіршілік атаулы жаралғалы бері құбылыстың бәрі кітаптың ішінде сайрап жатыр емес пе? Әр кітап өзінше бір керемет дүние. Менің жаным да сол дүниелерді танып, білуге ертеден құштар. Осы уаққа шейін мен бірнеше кітап бастарын қайырдым. Сол кітаптардың арасынан " сүйікті кітабым" атауына ие болған -Мархабат Байғұт ағамыздың " Ауыл әңгімелері" атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің бірнеше себептері де жоқ емес.
Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/6978/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку