-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!
Есет,Ербол, Нұржан,Арман төртеуі балық аулауға шықпақшы болды.Бұл күні дала өте тамаша болып тұрды. Олар өзенге бармас бұрын ағаш арасында тығылыспақ ойнап келді.Олар келіп балық аулауға қармақ салды.Бірінші Есеттің қармағына балық ілінді. Есет осылайынан тез балық аулады. Өз қалған балаларда тез аулап көп балық аулады.Балық аулап болған соң күн бұзылып жаңбыр жауа бастады.Олар су болып қалмай тұрғанда тез үйге жетейік деп асықты.Бұл күн балалар үшін ең керемет,көңілді күн болды.Олар балық аулап,өз мақсаттарына армандарына жетті