Білімнің кілті- мектепте. Сол себепті біздің екінші үйіміз- мектеп. Адамға ең бірінші ақыл керек. Ал, ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Ұстаз санамызға жақсы сөздер жиып, бізге тек жақсылық тілейді. Өнерге де, білімге де ұстаздың еңбегі зор екеніне сенімім мол. Біз білім алу үшін мектеп деген киелі ордаға келеміз. Өмірдің жаңа жолын бірінші сыныптан бастаймыз. Бәрі де өзімізге байланысты екенін білуіміз керек. Сол себепті сабақта жақсы оқу, ата- анамыздың үмітін ақтау біз үшін – парыз екенін ұмытпауымыз керек. Мектептің берер тәрбиесі мол. Барлық а ұстаздың тәрбиесін көріп, мектеп табалдырығынан аттайды. Білімді адам әрқашан ақылымен ерекшеленеді. Сол себепті білім алып, үлкендерді сыйлап, ұстаздарымызды құрметтеп жүрейік.Әр қашанда біз жанталасып оқысақ,арманымызға жетеміз!
Көктем.
Ызғарлы әрі қатал қыстан кейін жайма-шуақ көктем де келіп жеткен еді.Көкжар ауылының табиғаты одан әрі әрлене түскен.Ауыл шетіндегі асау өзен толассып айналасын нәрге бөлеуде.Ал айдын көлге жылы жақтан қайтып келген құстар,аққу,тырна,қаздар,қиқулап асыр салып ұшып жүр.Ауылдан біршама қашықтықта жатқан асқар тау бейне бір шамалы жүрсең жетіп қалатын секілді көрінеді.Қаладан ата-әжесінің ауылына демалысқа келген Арман бұл сұлулыққа тамсанып жүрген еді.Қолында ақ парағы мен түрлі түсті қарындаштары да бар.Сурет салып,бұл әдемі табиғатты,көктемнің алғашқы күндерін есіне сақтап қалғысы келгені ғой.Біраз уақыттан соң , суретін тәмамдап ата-әжесіне көрсетіп олардың мақтау сөздерін естіп марқайып та қалған еді.Кейін суретін сөмкесіне салып атасына жас ағаштарды суғаруға көмектеспек болып далаға жүгіріп шықты.Не дегенменде,көктем Арманның ең сүйікті жыл мезгілі ғой.