Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.
Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Түнде жыламас болар, қарағым.
Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.
Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!
Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:
1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.
2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.
3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.
4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т. б.
5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.
Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:
-сөйлем басында келсе, одан кейін;
-сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
-сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.
Объяснение:
«Егер мен миллионер болсам ...»
Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, өзімді миллионер елестетіп көрейін. Әрине, миллионер болсам, ең алдымен, «не істейтін едім, ол ақшаны қалай жұмсайтын едім?» деген сұрақ көкейімде болатыны айдан анық. Енді осы сұраққа жауап беріп көрейін.
Әрине, қазіргі материалдық қоғамда қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Дегенмен, мен бай екенмін деп менсінбеушілік танытпаған абзал. Себебі, «ақша деген - қолың кірі, бүгін бар, ертең жоқ».
Сонымен, мен миллионер болсам, ең алдымен, отбасыммен шетелдік саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.
Одан соң ақшамның бір бөлігін балалар ауруын емдеу үшін жүргізілетін зерттеулерге жұмсар едім. «Сәбилер бақытты болу үшін жаралған» деп әнге қосылып айтылғандай, ешбір сәби ауырмай, балалық шағы бақытты болса екен деп армандаймын.
Қалған ақшаны анама беріп, өз қалауынша жұмсаса екен деймін. Әрине, бұлай мен анамның түнгі ұйқысы мен ақ сүтін ақтай алмаймын, дегенмен анам да бақытты болып, ешнәрседен тарықпаса екен деп армандаймын.
Объяснение: