8-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы
Реактивтер:
• хлорсутек (тұз) қышқылының ерітіндісі;
натрий гидроксиді ерітіндісі;
лакмус.
Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар:
сынауық
1 дана;
• спиртшам
1 дана;
• тамшуыр
2 дана;
• сағат шынысы (пластина), шыны/фарфор -
1 дана.
Қауіпсіздік техникасы ережелері. Қышқылдармен жұмыс жасау-
дың стандартты қауіпсіздік шаралары.
Сынауыққа 2-3 мл тұз қышқылын құйып, үстіне 1-2 тамшы
лакмус тамызыңдар. Сынауықтағы ерітіндіні араластыра отырып,
үстіне натрий гидроксидін ерітіндінің түсі өзгергенше тамызыңдар.
Өзгерісті түсіндіріңдер.
Тамшуыр көмегімен сынауықтан 1-2 тамшы ерітіндіні сағат шы-
нысына тамызып, буландырыңдар. Не байқалды?