Бес сынауыққа магний, алюминий, мырыш, темірдің әрқайсысының бір түйірін және мыстың кесіндісін салып, үстіне бірнеше тамшы сұйылтылған тұз қышқылын қосыңдар. Металдардың кернеу қата- рындағы орнына сәйкес осы металдармен тұз қышқылы арасында химиялық реакцияның жүруіне болжам жасаңдар. Тұз қышқылы мен металдардың арасындағы реакцияның жүруін дәлелдеген соң, олардың жүру жылдамдықтары туралы қорытынды жасаңдар. Реак- ция теңдеулерін жазыңдар. Не себепті бесінші сынауықта реакция жүрмегенін түсіндіріңдер. Осы металдар үшін олардың электрхимиялық кернеу қатарын құрастырып, белсенділігі бойынша орналастырыңдар.