1) Тургенев сам выступал за освобождение крестьян от крепостной зависимости. И это можно понять по рассказу «Муму».
Герасим-обычный крестьянин, который попросту не может противоречить барыне. У него не только ограниченные права, но и возможности(отсутсвие речи). Из-за жестокости барыни и своего статуса он собственными руками убивает Муму. Он поступает так просто из-за безысходности, прекрасно понимая, что он не может не подчиниться приказу.Сейчас нам, наверное, трудно оправдать его поступок.
2) Передовые люди выступали за освобождение крестьян от крепостной зависимости. Надежды на разрешения крестьянского вопроса возлагались на министра внутренних дел Л. А. Перовского.
И. С. Тургенев тоже решил принять участие в разрешении крестьянского вопроса. Он поступает на службу в министерство, которое возглавляет Л. А. Перовский. Тургенев искренне желал и верил в то, что можно что-то исправить и облегчить жизнь и судьбу крепостных. Вопрос о крепостном праве стал одной из основных тем художественной литературы. Тургенев в своих рассказах изобразил крах крепостничества. Писатель показал, что русский народ умён, даровит, талантлив, и такой народ нельзя держать в рабстве. В этом отразилась прогрессивность взглядов автора на крепостное право.
Наиболее полно и ярко взгляды Тургенева отражены в одной из самых удивительных книг в русской литературе - «Записки охотника». Напечатанные им в 1852 году «Записки охотника» явились обличительным документом, направленным против крепостничества.
«В моих глазах враг этот имел определённый образ, носил известное имя: враг этот был - крепостное право. Под этим именем я собрал и сосредоточил всё, против чего я решился бороться до конца - с чем я поклялся никогда не примириться. Это была моя Аннибаловская клятва…».
«Муму» - любовь к народу и ненависть к крепостному праву
.Тургенев открыто выступает против крепостного права, из-за этого у него возникают конфликты с властью, его ссылают в деревню. В это время он пишет много рассказов и повестей, опубликованных в «Современнике» в частности, «Муму».
Главный герой этой повести, крепостной мужик Герасим, одновременно воплощает в своем образе и ненависть Тургенева к крепостному праву, и его любовь к простому русскому народу.
3) Варвара Петровна Тургенева, урождённая Лутовинова (1787—1850) — мать писателя Ивана Тургенева, выведенная им в образе безымянной властной барыни в повести «Муму», также он наделил чертами её характера образ матушки из «Первой любви», и бабушку в «Пунине и Бабурине».
4) 1854 год
5) Лицо, послужившее прообразом персонажа в художественном произведении. Базовый объект для клонирования.
Қазақ – табиғатында кеңдікті, дарқандықты жақсы көретін халық. Сондықтан ұлымыздың қанындағы адами құндылықтар, барлық қасиеттер кең болу, жомарттық, адалдық, ар, намыс, ұят, адамгершілік, абырой, тәрбие ұғымдарымен астасып жатыр. «Кең болсаң, кем болмайсың», «Біреудің ала жібін аттама», «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы», «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Өлімнен ұят күшті», «Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» және т.б. мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді құлағына құйып өсетін қазақ философиясы аталмыш адами құндылықтарды жоғары қояды. Әсіресе ұят, абырой, адамгершілік намыс ұғымдарының тілдегі бейнеленуі, лингвофилософиялық көрінісі кең әрі жан-жақты талдауды қажет етеді. Себебі сөз арқылы, сөздің астарымен мәні зор ұғымдарды жеткізудің шебері атанған қазақ халқының тілмен тәрбиелеу құдіреті күшті. Сондықтан қазақтың әрбір даналық сөзінде үлкен тарихи оқиға, философиялық терең ой, ұлттық тәрбие негізі жатыр. Қазақ қоғамдастығында қалыптасқан адамгершілік ұғымдары жалпыадамзаттың құндылықтарымен үндеседі. «Әсіресе жас ұрпақтарды адамгершілікке тән құндылықтарға сөзбен былайша тәрбиелейді: – елді, жұртты сыйлау (көпті жамандаған көмусіз қалады, елді жамандаған елеусіз қалады, т.б.); – ананы, қызды ардақтау (ананың ақ сүті, Меккеге жеті рет арқалап апарсаң да, анаңның алдындағы парызың өтелмейді; Қызды сөкпе, тұзды төкпе); – қарттарды құрметтеу (ақ сақалды, сары тісті бол; кәрілікке жет; ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең, т.б.); – ұжымшыл болу (жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас, у ішсең руыңмен), досқа адалдық, көршімен сыйластыққа, т.б. тәрбиелеудің, яғни әлеуметтендірудің негізі болды» («Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi», энциклопедия, 1-том). Ұят – ең қадірлі қасиет. Адамзат бойында табиғи берілетін ұлы құндылық. Ұят – жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Қазақта «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса арыңды сақта: ар-ұят керек әр уақытта», «Еңбек — өмірді ұзартады, ұят — бетті қызартады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» деген мақалдар қазіргі уақытта жиі қолданылады. Бала тәрбиесінде де, отбасында да осындай тілдік құндылықтар арқылы ұлттық болмысымызды дұрыс сақтауға тырысып келеміз. Ұят туралы ұлыларымыз да айтып кеткен. Хакім Абай атамыз отыз алтыншы қара сөзінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деген. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар» деп дәйектеп көрсеткен болатын. Махмұд Қашқари «Ұяты бармен – ұрыс, Ұятсызбен – ұстаспа» десе, Жүсіп Баласағұн «Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта», «Ұят – жаман ойдың жүгені», «Пәле-жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер – екі жалған бақытына бөленер» деп даналық айтқан еді. С.Сараи «Ұятсыз адам иттен де жаман» деп теңеген болатын. Ә.Науаи «Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ» деген еді. Шынында, ұяты мол адам жамандыққа бармайды. Себебі оның бойына ізгілік қасиет ұялаған. Ертеректе, «ұят болады» деген ырым-тыйымдармен жас ұрпақты әдепсіз қылықтардан аулақ болу үшін тәрбиелеп отырғаны да белгілі. Қазақы дәстүріміздегі әрбір жосын-жоралғы, тыйымдардың дұрыс орындалуының өзі ұят пен адалдықтың өлшемі болған. Опасыздық, дөрекілік, қастандық жасалғаны үшін ұялған жалпыадамзаттық болмысқа тән шығар. Ал қазақ үшін ұяттың шегі тым кең. Қазақ гигиеналық, дәстүрлік, сыйластық, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынас ретінің нормаларын «ұят болады», «әдепсіздік» деген түсінікпен тәрбиелеп отырған. Мысалы, қонаққа қоғамдағы әлеуметтік мәртебесіне сай, өзіне тиісті жілік мүшесін тартпау немесе шатастырып, ауыстырып жіберу ұят саналған және адамды қорлаудың белгісі болып саналады. Мұндай жаңылыс қонақтардың өкпе-ренішінің тууына әкеліп соғатын. Сондай-ақ қазақта ас беруге қанша халық келсе де, олардың ешқайсысы ас беру барысында тамақтың тапшылығын сезбеуі тиіс. Бұл дәстүрлі ортада бұлжымас қағида болып орныққан. Қонақты күту, сыйлау көбінесе әйел адамға қатысты болады. Сондықтан қазақ әйелдері қонақты сыйлау, күту мәселесін терең меңгерген және оны бала тәрбиесінде қатаң ұстанады, егер үйде ата-анасы болмаған жағдайда баласы келген қонақты үйге кіргізіп, қонаққа шай береді.