№660 есеп. Шаянның ұзындығы 18 см және сары шаян ұзындығының 1/6-ін құрайды. Сары шаянның ұзындығын табыңдар.
№662 есеп.
Турсит 90км жолдың 5/9 бөлігін жүріп өтті. Туристке қанша км жол жүру қалды?
№663 есеп.
Қарғаның жылдамдығы 50км⁄сағ, ол үйректің жылдамдығының 5/9 бөлігін , ал үйректің жылдамдығы шағаланың жылдамдығының 5/7 бөлігін құрайды. Шағаланың жылдамдығын табыңдар.
№664 есеп. Пойыз 1 сағатта 40км жол жүре отырып , 3 сағатта жолдың 1/5-ін жүріп өтті. Жолдың ұзындығын табыңдар.
№666 есеп. Алдымен сымның 2/5-сі, содан кейін қалған бөліктің 7/10-і қолданылды. Сымның қанша бөлігі қалды?
№667 есеп. Матаның 1/4-і қиып алынды. Одан кейін қалған матаның 1/4-і қиылды. Матаның қандай бөлігі қиылды.? Қиып алынған бөлік матаның жартысынан артық па ,әлде кем бе?