21-жаттығу 1. Зарядымен қоса есептегенде массасы 250 г болатын кішкене зымыран
вертикаль жоғары қарай 150 м биіктікке көтерілді. Заряд лезде жанады
деп есептеп, зымыраннан бөлініп шығатын газ жылдамдығын анықтаңдар.
Зарядтың массасы 50 г.
2. Кішкене зымыранның массасы 200 г. Ондағы жанғыш заттың массасы 50 г
Газ зымыран соплосынан 100 м/с жылдамдықпен лезде шығады деп есептеп,
зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.