adochka777
04.02.2022 04:11

1-тапсырма

1.Ақпаратты жедел беру қажет болған жағдайда қандай құжаттар әзiрленедi?

2.Құжаттаудың бір ізге түсірілген жүйесі дегеніміз не?

3.Қаулылар, шешiмдер - алқалық басқару ұйымдары қабылдайтын қандай құжат болып табылады?

4.6.10.1-88. Мемлекеттiк стандарттың "Құжаттаманың бiр iзге түсiрiлген жүйелерi. Негiзгi ережелер" құжаттардың бiр iзге түсiрiлген қанша жүйесiн белгiлейдi?

2. тапсырма: Берілген мәтіннің бос орнына керекті сөзді жаз

1.Кеңінен қолданылатын құжаттар тобы құжаттар болып табылады.

2. Бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар - билiк сипаты бар және жеке дара басқару өкiлеттігі берiлген қабылдайтын құқықтық актілер.

3. Ұйым құзырының негiзгi мәселелерi бойынша нормативтiк немесе жеке актiлер қабылдау қажет болған барлық жағдайда шығарылады

4. Жедел мәселелер бойынша және қаулылардың, шешiмдердiң, бұйрықтардың орындалуын ұйымдастыру үшiн қабылданады.

3 тапсырма. Оқушыларға диктант беремін.

1.автор жөніндегі мәлімет, уақыты мен жасалу орны құжаттың өзінде сақталатын немесе басқа жолмен табылған, оның шығу тегіне шек келтірмейтін құжат.

2. түпнұсқа құжаттағы ақпаратты түгелдей және оның сыртқы белгілерін немесе заңды күші жоқ бөлігін көшірмелейтін құжат

3. Ұйымның күнделікті қызметінде пайдаланылатын ресми құжат

4. Заңдық күш беретін, белгіленген тәртіпке сай қажетті деректемелер қойылатын құжат көшірмесі

5. – қоғам үшін маңыздылығына байланысты сақталып тұрған немесе сақтауға жататын, сонымен қатар, оның иесі үшін де құнды болып табылатын құжат

6.– жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар мен оларды зейнеткерлік қамтамасыз етуге ақша аудару жөніндегі мәліметтер кешені

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
закро
09.04.2023 00:01

ответ: Жауабы жоқ

Объяснение: Себебі сізден тек боран түрлерімен таныс деп тур.

Боран турлері:

Ақ боран. Көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.

• Ақтүтек боран. Алай-түлей түтеген боран.

• Ақшұнақ боран. Бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы

боран,

• Аққұйрық боран. Құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бүра-

лаңдата соғатын боран,

• Ақ жорға. Қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын қарлы

бүрқасын, боран.

• Алай-түлей түтеген боран. Үйтқыған немесе бората соққан

қатты жел.

• Дауыл боран. Осқырған жел.

• Долы боран. Екіленіп соғатын боран,

• Жаяу боран. Жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қаткан

қар үстінен үрген еспе боран.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Daniilkv
09.03.2022 00:50

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Байұлы тайпасы Беріш руының Қаратоқай бөлімінен шыққан[1]

Мұрат Мөңкеұлының мазары

Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.

Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота