Жеті - қасиетті сан.
Қазақ - ырымшыл халық. "Қасиетті" сандарды білмейтін адамдар жоқ шығар: «үш», «төрт», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш», «қырықты» бала күнімізден естіп, біліп жүрміз.
Жеті саны киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыс-тіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар – жеті, аспан неше қабат – жеті, жер неше қабат – жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі – жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау» болып айтылмайды. Міне, айта берсек «жеті» санының «сиқырын» сипаттайтын құбылыстар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрінде де жеті санының орны бөлек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар», «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» немесе «жеті атадан әрі ғана қыз алысу заңы», яғни араға жеті атаны салып құда түсу әдеті ғасырлар бойы сақталып келеді. Жеті саны кейде жақсылықпен байланыстырылып айтылса, кейде жамандықпен де байланысып жатады. Мысалы, қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала. Жеті санына байланысты культтік фразеологизмдер басқа сандарға қарағанда жұмсалу өрісі кең. Оларға: жеті ғашық, жеті шәріп (әулие); жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қат көк т.б. жатқызады.
!
Объяснение:
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.