Saveliy111
09.06.2020 04:21

Лексика-грамматикалық тест

11.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын.

В) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.

С) Ексең егін, ішерсің тегін.

D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.

E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.

12. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.

В) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.

С) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.

D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.

E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.

13. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді.

В) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын.

С) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.

D) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.

E) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты.

14. .Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Кенжебек жауап іздеп көріп еді,орынды сөз ойына орала қоймады.

В) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.

С) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.

D) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.

E) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.

15.Ақын-жазушылардың есімдерін жазған шығармаларымен сәйкестендір

1. Абай Құнанбаев А) «Ботагөз» романы

2. Сәбит Мұқанов В) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

3. Ілияс Жансүгіров С) «Күйші» поэмасы

4. Сәкен Сейфуллин D) «Патша әмірі тарылды» өлеңі

5. Жамбыл Жабаев Е) «Көкшетау»

16.Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз.

А) Қызметке түсу

В) Көрген сайын сұрайды.

С) Оқиғаны зерттеу.

Д) Тойдың соңы

Е) Күміс білезік

18.Сену, нану сөздеріне синоним болатын диалект сөзді белгілеңіз.

A) Ұялу.

B) Қату.

C) Көну.

D) Қағу.

E) Илану.

19. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Ескерткендеріңіз дұрыс болды.

B) Болашақ жастардікі.

C) Етіс - етістіктің бір түрі.

D) ’’Ештеңе’’ - есімдік.

E) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды.

20.Еліктеуіштен жасалған зат есімді табыңыз.

А)Жасыл

В)Масыл

С)Түйіл

D)Гүріл

Е)Сейіл

21.Антонимді сөз тіркестерін анықтаңыз.

А) Асқар тау, телегей теңіз.

В) Ала жаздай, қыс бойы.

С) Денсаулығы жоқ, ақшаға бай.

D) Тал түсте, күз бойы.

Е)Кең дала, айдын көл.

22.Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!

Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңз.

А) Қыстырма

В)Одағай

С)Бірыңғай мүше

D)Оңашаланған айқындауыш

Е)Қаратпа

23.Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

А) Көрмес түйені де – көрмес.

В)Көрмес – түйені де – көрмес.

С) Көрмес түйені де көрмес.

Д) Көрмес түйені – де көрмес

Е) Көрмес – түйені де көрмес.

24.Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз.

А) Көркем шығарма

В) Өтініш, сенімхат, қолхат

С)Қоғамдық – саяси әдебиет

Д)Ғылыми шығармалар

Е)Газет – журнал тілі

25.Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз.

А) Жирем қасқа

В) Жирең қасқа.

С)Жирем ғасқа

D)Жирең ғасқа

Е)Жирен қасқа

26.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз.

А) Тәуелдік жағының І жағы.

В)Жатыс септігінің жалғауы.

С)Көмектес септік жалғауы.

D)Барыс сеептік жалғауы.

Е)Жіктік жалғауы.

27.Шылау сөзді тіркесті көрсетіңіз.

А) Тастан сарай салғызды.

В) Қара теңіз бұрқ – бұрқ етіп қайнап жатқандай.

С) Судьялар ешкімге тәуелді емес.

D) Бұл жігітті қызметке алу керек.

Е) Шығысқа дейін жүретін жол ұзақ.

28.Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

А) Мен кітап алғалы әдейі келдім.

В) Біз өтетін өзеннің ағысы қатты, алайда терең емес.

С) Сен баласы ма едің соның?

D) Жақсымен жолдас бол, жақсы жүр.

Е) Жәкем қуанғаннан жылап жіберді.

29. Амал не, бәсе, өкінішке орай – сөздері қай қатарға тән екенін табыңыз.

А) Қыстырма

В) Одағай

С) Жалғаулық шылау

D) Қаратпа

Е) Шылау

30.Қос сөзге байланысты тыныс белгісі қойылмаған жерді көрсетіңіз.

А) Ертеңгі іс

В) Күн ілгері

С) Он бес

Д) Жезқазған

Е) Өзді өзі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Слон145
24.04.2022 07:33

1.Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы

2.1905-1910

3.Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).

Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін М.Жұмабаев ұлт-азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді.

Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Туған жерім – Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.).

Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды (“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”). Мағжан поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы М.Жұмабаев поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.

Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан” жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде:

0,0(0 оценок)
Ответ:
milenasargsyan0
16.04.2021 18:11

Өйткені осы екі әңгіменің кейіпкерлері яғни балалары әкелерінің ойынша дұрыс іс жасамады.Олар әкелерінің атына кір келтіретін іс жасады деп ойлады әкелері.Осы шығарманың бас айырмашылығы нарынқұм зауалында баласы өз пайдасы ушін,жаман жолмен ақша алу үшін өлтіруге барғн,Ал Батыр Баянның інісі қалмақ қызына ғашық болып,екеуі қашып кінәлі атанды.Ондай балаларының іс әрекеті әкелеріне ғана емес,жалпы халық үшін жаман жағдай болып есептеледі.Әкелерінің намысын жерге таптауы болып есептеледі.бъяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота