5 « » сынып 4 тоқсан бойынша « Қазақстандағы ұлттар достастығы » , « Ұлы дала табиғаты » бөлімдері бойынша жиынтық бағалау I . Оқылым . Мәтінді дауыстап оқыңыз . Зигфрид Вагнер деп айтуға тлі келмеген Ахмет ал оны казакшалап Зекен деп атады . Өзіндегі бар мейірімін , ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты . Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді . Бетенсiмей , сіңіп кетті . Әке мен ананың ыстық құшагы , жұмсақ алақаны махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді . Үш - төрт аптаның ішінде аягын күс басқан кара сирақ , қара торы бала болды да шықты . Бірақ түр - тағасы әлі де бөлек Тұнық көкпеңбек көзі ақшыл сары кірпігі мен қасының өзінен бұл баланың бөтен расаның өкілі екені айқын танылатын M Мағауин 34 сез ) 1 - тапсырма . Мәтінге сүйеніп , ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз . Ақпарат Дұрыс дұрыс емес 1 . Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келген Ахмет шал оны | | казакшалап Зекен деп атады , | | 2 . Өзіндегі бар мейірімін , ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырыспады 3 . Бөтенсiмей сіңіп кетті . 4 . Әке мен ананың ыстық құшағы , жұмсақ алақаны махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді 5 . Төрт - бес аптаның инде аяғын күс баскан кара сирак кара торы бала болды да шықты . Жазылым . 1 - тапсырма . Дұрыс ақпаратты жазыңдар . Дұрыс — Дұрыс емес - 2 - тапсырма . « Әнші құм » туралы сөйлем құраңдар . ( 4 сөйлем ) Тірек сөздер мен тіркестер : Қазақстанның табиғаты , әдемі әуен , жел сокқан , орналасқан .​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Sravkur
21.01.2021 20:51
Менің отбасымда бес адам бар. Әкем, анам, екі інім, бар. Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз. Менің ата-анам менің біліміме риза. Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым. Менің ата-анам мейірімді. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Мен анама үй жинасуға көмектесемін, ыдыс жууға көмектесемін, інілерімді бағамын. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын. Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын. Біз әр мейрамды және де әр туған күнді бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Менің отбасым ең үлгілі отбасы. Атам-әжем менің әкемнен басқа балаларымен және немерелерімен бірге тұрады. Атам мен әжем маған ақылдарын айтып, әрқашан мейірімді, сыпайы бол,-дейді. Мен үлкен адамға, жол беремін. Мен әжемнің арқасында барлық әдептілік пен әдемілікке үйрендім. Мен атам мен әжемді жақсы көремін. Демалыс күндері  бауырларыммен бірге ата-әжемнің үйіне барып тұрамыз. Демалыс күндерде інілеріммен далаға шығып ойнаймыз. Мен өз отбасыма ризамын. Әкем мен анам және бауырларым ауырмасын, аман болсын деп тілеймин. Менің отбасымды мақтан етемін.
 
0,0(0 оценок)
Ответ:
Евабе
21.01.2021 20:51

Қояндар – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар.

Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болады. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;

Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді.

Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота