Бүгін менің анамның туған күні.Менің көңіл күйім көтерінкі.Өйткені бүгін ең .алтын, ең асыл ең ,қымбат анамның туған күні.Әкем екеуіміз анама раушан гүлдерін сыйладық.Менің анам раушан гүлдерін жақсы көреді.Анамның туған күніне туыстарымыз келеді.Біздің туыстарымыз көп.Мен анамның туған күніне ерекше дайындалдым.,анама арнап түрлі ойындар ойластырдым.Менің анам үлкен әдемі торт пісірді.,анам дастарқанды неше түрлі дәмді дәмден толтырды.Әріне мен оған көмектестім.Кешке біздің үйге қонақтар келді.Олар анамды құттықтап ,жақсы тілектер айтып сыйлықтарын ұсынды. Анамның туған күнінде ән айтып би биледік.Мен анама арнап ән айттым. Менің анамның туған күні өте қызықты өтті.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку