kacok2
04.10.2021 05:24

Синоним.Антоним. 1-тапсырма. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуынан тыңдаңдар. Мұғалім нің дауыс сазына көңіл бөліңдер.

Бір-бірімізді көргенде, амандасамыз, амандық-саулық сұрасамыз немесе бір-бірімізді құттықтап жатамыз. Сәлемдесудің тілімізде сан алуан түрлері бар. Тіл жұмсау дағдысында «Сәлеметсіз бе?», «Аман-есенсіз бе?», «Армысыз?», «Сәлем бердік!», «Ассалаумағалейкүм!», «Кеш жарық», т.б. сөздер жиі қолданылады. Амандық сұрасу – тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі естілетін сөздеріміз. Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді. Мысалы, «Сәлеметсіз бе?» деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-бейтанысқа, ресми жағдайда да, еркін жағдайда да қолдана беретінін байқасақ, ал «Ассалаумағалейкүм!» деп амандасуды ауылдағы кей жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады. Әжелер мен апаларға бұлай амандасу қолайсыз жағдайға душар қылады. Немесе мектеп шәкірті ұстазымен «Сәлеметсіз бе?» деп сыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға жататын этикет (әдеп) сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге «Сәлем бердік!» деп қолын ербеңдетуі не жүрдім-бардым амандасуы әдепсіздікке жатады. (Рабиға Сыздық) сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мұғалімнің оқу мәнерінен қандай маңызды сөйленістерді есте ұстадыңдар?

2. Автор сұхбаттасу мәдениетіне қатысты қандай мәселелерді өздеріңмен бөлісіп отыр?

● Мәтіндегі синоним сөздерді тауып, мағынасын сөйлеу жағдаятына қарай түсіндіріңдер.

● Мәтіндегі антоним сөздерді тауып, мағынасына және тұлғасына қарай талдаңдар

Дискриптор:

-Синоним,антоним сөздерді ажырата алады;

3-тапсырма. Мына амандасу сөздерін қатыстырып, диалог құраңдар.

1. Ассалаумағалайкүм – Уағалайкүмассалам! 2. Саламалейкүм – Әликсалам! 3. Сәлеметсіз бе? Сәлеметсің бе? Сәлемет пе? 4. Аман сың ба? Амансыз ба? Армысыз? Ар ма? 5. Ат-көлік аман ба? 6. Ел-жұртың, ауыл-аймағың аман-есен бе? 7. Мал-жан аман ба? 8. Қайырлы таң! 9. Кеш жарық! 10. Жайлы жатып, жақсы тұрдыңыз ба?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
elensarkisian
02.08.2022 06:51

Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.

Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:

мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;

бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;

мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;

Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.

Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;

Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.

Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.[1]

0,0(0 оценок)
Ответ:
Даддсаап
11.01.2023 10:46

ответ:Жарық сүйгіш өсімдіктердің жапырақтарының бетінде көптеген ақ түсті түктер, төмпешіктер болады, ол тура түскен күн сәулесін кері шағылыстырып, өсімдіктен судың көп булануына кедергі жасайды.[1

Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің өзіне тән кейбір белгілері Жануарларда қоршаған ортаны көру арқылы сезіну эволюциялық дамудың дәрежесіне байланысты. Көптеген омыртқасыздардағы қарапайым көздер - бұл жай ғана пигментпен қоршалған жарық сезгіш клеткалар, ал бір клеткалыларда - жарық сезгіш цитоплазманың бөлігі. Толық көру тек жетілген, күрделі

Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің өзіне тән кейбір белгілері Жануарларда қоршаған ортаны көру арқылы сезіну эволюциялық дамудың дәрежесіне байланысты. Көптеген омыртқасыздардағы қарапайым көздер - бұл жай ғана пигментпен қоршалған жарық сезгіш клеткалар, ал бір клеткалыларда - жарық сезгіш цитоплазманың бөлігі. Толық көру тек жетілген, күрделі

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота