
Сөздердің баламасын табу.
1. Аузы жеңіл – аузында сөз тұрмайды.
2. Баласын құтты орнына қондыру – қыз баланы ұзату, тұрмысқа беру; үйлендіру.
3. Құлағы тосаң – құлағы нашар естиді.
4. Қолының жымысқысы бар – ұрлыққа жақын адам.
5. Қосып айтады – өтірік айтады.
6. Ауыз бастыру - айтпауға уәде беру үшін ақы беру.
7. Сөзге келу – ұрысып қалу, ренжісіп қалу.
8. Бет жыртыспау – ұрыспау, ренжіспеу.
9. Жасы ұлғаю – қартаю.
10. Қалтасы тесік – кедей адам.
11. Сымсыз телефон – өсек, қауесет.
12. Аузының желі бар – өсекші.
13. Ұзын құлақ – ауыл арасындағы жаңалықтарды ауызша жеткізу 14.Ішінде бүкпесі бар – сыры, құпиясы бар.
15. Қолды болды – ұрланды.
- сәлем!
- сәлем! жағдайың қалай?
- барлығы керемет! менің мына сұрағыма жауап бере аласың ба: "отан отбасынан басталады" дегенді қалай түсінесің?
- отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. жеке ң бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, ілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қ. отбасында бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. сол себепті де біз отбасын отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.