Remus1
19.05.2023 09:42

І. ОҚЫЛЫМ Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.

Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1]

Тұжырым Шын Жалған

А Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.

В Қалада халық көп, көшелері у да шу.

С Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Бүгіннен (антоним) - [1]

Қолы ашық (синоним) - [1]

4.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3). [1]

Мәтіндегі ақпараттар Реті

Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы.

Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.

«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік».

5. Сұраққа толық жауап жазыңыз. Ауыл адамдары қандай?

[1]

ІІІ. ЖАЗЫЛЫМ

Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.

2. Отан отбасынан басталады

Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.

3. Таулар сыры

Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз.







Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Zhuldyzovazarina
12.08.2022 22:16
Осы мамандық ең өзекті, маңызды және асыл бірі болып табылады, өйткені мен мұғалім болғым келеді. Мектеп - бұл әрқайсымыз өмірінде міндетті қадам болып табылады. Бұл біздің тағдыры, пікір, жандарың өз ізін қалдырады.
Онда әлемнің көптеген кәсіптер, және олар өз жолында барлық қызықты. Сондықтан, бұл өмірде өз призвание табу өте қиын. мамандық таңдау өміріндегі қабілеті мен мақсаттарға байланысты. Мен шынында да балалармен жұмыс ұнайды. Менің анасы мен әжесі, сондай-ақ оқытушылар. Бала кезімнен күн сайын менің анасы жұмысын көріп жатырмын. Мен басқа студенттер, сондай-ақ ішінен, сыртынан ғана емес, осы жұмысты қараңыз. Иә, бұл қиын. Иә, бұл күнделікті қиын жұмыс болып табылады. Сіздің сабақты дайындау мерекелік өткізу ... Бірақ анам мамандықты таңдау ешқашан өкінген емес бәріне.
Мұнда, сіз сабақ қозғаушы жатырмыз. Сіз балалардың арқа сүйеп көз тазалау мұқият қарап үшін. көзіңізге тұтас бір буыны. Ал сіз осы жігіттер осы лайықты адамдар дейін өседі, оның барлық күш салыңыз. Мұғалім жас қашу ретінде балаларды дамытады. Ол оларға жол дайындайды және қызығушылықпен біртіндеп өсуін көріп. Және оқыту соңына қарай бұл әдемі ашық гүл қосылады. мұғалімі өз еңбегінің нәтижесін көргенде: жақсы, адал, лайықты адам - ​​адамды өткізді, онда бұл ол үшін ең жоғары марапат болып табылады
0,0(0 оценок)
Ответ:
ayydarhan
11.05.2022 17:03
Айтуаров Айбек
1965 жылы 5 қантарда Алматы қаласында дүниеге келді.
К.И.Сəтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетті "Геология" (1987) жəне "Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану" мамандықтарымен бітірді. 1987-1988 жылы Гидрогеология институты мен Қазақ КСР Ғылым академиясының гидрофизика инженерлік және геологиялық зерттеулер бөлімінің маманы болып жұмыс істеді. 1989-1995 жылдары қоршаған ортаны ластау минералдар Қазақ институтының бағалау бөліміне 1988-1989 жылы маман - инженер, бас гидрогеолог партиялық терең бұрғылау Алматы гидрогеологиялық экспедициясы. 1995-1998 жылы «ҚазақстанКаспийШельфі» ғылым бас маманы болды, және Геология және келісім-шарт бойынша менеджерлер ЖАҚ ҰОК «Қазақойл» 1998-2002 менеджер. 2002-2006 жылы 2006-2010 жылы ҰК АҚ, содан кейін бас менеджері «ҚазМұнайГаз» менеджер болды - Agip KCO IN 2010 барлау басқармасының бас геологы «Шелл Девелопмент Қашаған» бойынша үйлестіруші болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап «КазРосГаз» ЖШС жобалық барлау Имашев кен департаментінің директоры болып табылады.
Сочинение на казахском про известного нефтяника. хотя бы пару строк
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота