siolvermen2005
21.02.2020 13:51

І. Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында. Ана - ардақты есім. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған өмірі үшін өте жақсы көремін.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек жоқ. Өмірдегі ең асыл, мейірімі шексіз жан. Анамызға сыйлық сыйлау біз үшін үлкен бақыт болуы тиіс. Қаншалықты сыйлық берсек те, оның ақ сүтін ақтай алмаймыз.Аналарды құрметтеу, сыйлау- бізге парыз. Оларға алғысымызды білдіретін мерекелердің бірі - халықаралық 8 наурыз мерекесі. Мереке қарсаңында аналарға қандай сыйлық тартсақ та жарасымды.
Сөздік жұмыс.
махаббаты шексіз-любовь безгранично
толқымайтын жүрек- не затронуло бы сердце
ақтай алмаймыз-перед ней в долгу
парыз- долг
алғысымыз -благодарность
құрметтеу-уважать

1-тапсырма
Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін айтып, шеңбер ішіне орналастырыңыз.

2-тапсырма. Мәтінге ат қой.
3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр.
Жоспар:
1.
2.
3.
4-тапсырма Мәтіннің ішіндегі асты сызылған сөздермен сөйлемдер құра.

ІІ Жазылым
1-тапсырма. Жұбыңызбен берілген тақырыптың бірін таңдап, мәтін құраңыз.
1. Ана -ең ардақты есім.
2. Үлкенге құрмет.
3. Менің асыл әжем.
4. Отбасым-алтын бесігім.
5. Әкешім-қамқоршым.

2-тапсырма. Мәтіннің ішінде кездесетін қарамен боялған сөзге мақал – мәтелдер құрастырып жаз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
happyga
30.08.2020 01:47

Кез келдген адамның жанына жақын өзіндік бір айналысатын ісі болады. Бос уақытында сүйікті жұмысымен айналыспайтын жан жоқ шығар. Сол секілді менің де өзіме ұнайтын хоббиім бар. Ол — сурет салу.Өнердің бұл түріне қызығып барып жүргеніме міне, бірнеше жыл да болып қалды. мен кішкентай кезім сурет салуға әуеспін. Сурет салған кезде мен бар әлемді ұмытып терең ойға батып кетемін.Негізінен кішкентай балалар сурет салғанды ұнатады ғой. Бірақ көбі үлкейе келе сурет салуды тастап кетсе, мен әлі күнге дейін тастаған жоқпын. Отбасымызда суретшілер жоқ. Алайда анамның мамандығы бейнелеу өнерімен байланысты болмаса да, суретті жақсы салады. Өзім ешқашан Пикассо, Леонарды сынды танымал суретшілерді көріп, суретші болуды арман еткен емеспін, менің суретші болуыма әсер еткен бірден бір адам — ол менің анам. Өзім кәсіби суретші болмасам да, сурет салу менің кәсіби хоббиім деп айтар едім. Өйткені суретші болу үшін, менің ойымша, белгілі бір деңгейге жетіп, өсу үшін оқу қажет болғанымен, Алла тағала маңдайыңа сурет салуды жазбаған болса, мың жерден жоғарғы білім алуыңның еш пайдасы болмайды...

   Сурет салатын адам ретінде мен үшін сурет салу барысында көңіл-күйімнің жақсы болуы мен қолымда жақсы ұшталған қарындашымның болуы өте маңызды. Табиғатты, не ғимараттарды салғаннан гөрі адамдарды, мульт-бөпелерді, қуыршақ қыздарды, сондай-ақ ойыншық аю, мысық, қоян секілді жан-жануарларды салғанды ерекше ұнатамын.Мен сурет салудан басқа бос уақытымда қызықты кітап оқимын және спортпен шұғылдану

0,0(0 оценок)
Ответ:
никита3427
26.09.2020 12:59
Көктемгі ырымдар (көктемге):- Егерде қайыңнан аққан сөлдің мөлшері көп болса – онда жаз жаңбырлы болады.- Құстар ұясын күнгей жаққа салса – жаз салқын болады.- Көктемгі құстар үлкен топпен ұшып келсе - ол көңілді көктемнің белгісі.- Бөзторғай ұшып келгеннен кейін аяз болмайды.- Егер көкек қураған ағашта отырып сайраса – аяз болады.- Ерте көктемде торғайлардың шомылуы – ауа-райының жылынуының белгісі.- Адамдар үйінің маңына көкқұтан қаптаса – көктем суық болады.- Егерде наурыз айында тоқылдақ көрінсе, көктемнің келуі созылады.- Қарлығаштың ойнақтап ұшуы – жылы күннің белгісі.- Қарлығаш жербауырлап ұшса – жаңбыр жауады деп біліңіз.- Қараторғайды көрсеңіз – көктем жақын деңіз.- Тырналар келді – мұз мұрты ойылар.- Қардың еруі құмырсқа илеуінің оңтүстік жағынан басталса – онда жаз салқын және қысқа болады. Ал егер солтүстік жағынан бастап ерісе – жылы болады.- Наурыз құрғақ, сәуір ылғал, мамыр салқын – болар онда мол бидай, биік қарқын.- Ерте көктемде найзағай жарқырағанымен  күркірегені естілмесе – жаз құрғақ болмақ.- Егер ұшырмадан салбыраған мұз ұзын болса, көктем де созылады.-  Бірінші найзағай болған кезде оңтүстіктен жел соғып тұрса – көктем жылы, батыстан болса – жаңбырлы, солтүстүктен ессе – суық, шығыстан келсе – жылы және құрғақ болады,  деген ырымдар бар екен. ***Наурыз ырымдары- Наурыз қалай болса, көктем де солай.- Ерете көктемдегі найзағай – аяздың алдын білдіреді.- Көктемгі қардың беті бұжыр болса – бидайдың бітік шығатынын, қардың беті тегіс болса бидай нашар шығатынын білдіреді.-  Теректің түбіндегі қардың еруі дөңгелек тәрізді болып, жиектері қалың болса – көк тез шығады, ал жиегі жайылыңқы болса – көктем созылып, көк жәй шығады. - Жылқышы құсы ұшып келсе 12 күнен кейін өзен еркін ағатын болады.- Терек бүршік атып, сырғаланса, жер жылыды деген сөз. Ерте егілетін көк-сөкті отырғыза беруге болады. - Жаңбыр өтсе саңырауқұлақтар қаулып шығады.- Наурыздың қары (жаңбыры) жарты тыңайтқышпен тең. - 14 наурызда Құралай құлпырса  – бүкіл жаз жайнайды. Қалың қар ери бастайды. Ырым бойынша сол күні қар немесе жаңбыр жауса – жаз жаңбырлы болады, керісінше күн шығып тұрса құрғақ, жеңіл жаз болатынын білдіреді.   
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота