mirpodrostka
30.09.2021 10:53

ТАҢҒАЛДЫРҒАН КЕРЕМЕТТЕР ӘЛЕМІ Өзің тағы қандай кереметтерді білесің? Барлық жәдігерлерді керемет деп атауға бола ма? Жауабыңды дәлелдеп айт. 1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Ондағы негізгі ойды анықта. 2-тапсырма. Әлемдегі ең биік ғимарат туралы ойды төмендегі мәліметтермен сәйкестендіріп айтып бер. Әлемдегі ең биік ғимарат, ән салатын субұрқақ, қонақүйлер мен кеңселер, жаттығу залдары. 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Бірге, бөлек, дефис арқылы жазылған сөздерді тап. Айша бибі кесенесі Ертеде Қарахан атты батыр өмір сүрген деседі. Ол Айша бибі деген қызға ғашық болыпты. Бірақ Айша бибінің әкесі мен Қарахан батыр бір-біріне қас екен. Сол себептен де қызды қолдан алуға үміт етпеген Қарахан бір күні Айша бибіні алып қашады. Сонда әкесі жендеттерін жіберіп, екеуін де өлтіруге бұйырады. Қос ғашық қуғыннан қашып, ұзақ шабады. Шаба-шаба шаршаған Айша бала кезінен өскен жері Аса өзеніне шомылмақ болып, суға түседі. Осы кезде қыздың әкесі жіберген жендеттер Айшаның сәукелесіне улы жылан салып жібереді. Суға шомылып, көңілі шаттанған Айша сәукелесін киген кезде жылан шағып, есінен танып, әлсірей бастайды. Қарахан Айшаны көтеріп алып, жақын маңдағы ауылға апарып, молдаға некесін қидырады. Айша бибінің демі бітіп, батырдың қолында көз жұмады. Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 21755 Кейін Айша бибінің қайтыс болған жеріне кесене тұрғызылады. Соның қасына батыр да өзіне кесене салғызып, орын қалдыртады. Айша бибі кесенесі XX ғасырдың басында Әулиеата атанған қазіргі Тараз (бұрынғы Жамбыл) қаласының маңында тұр. («Ежелгі Қазақстан аңыздары» кітабынан) Үйге тапсырма : 4-тапсырма. 54-55 беттер. Оқылым мәтінін пайдаланып, берілген кестені толтыр. Мәтін мазмұны Қосымша ақпарат Негізгі ақпарат Детальді ақпарат Шынайы өмірмен байланыстыр

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Девчуля08
01.05.2023 09:55

Медеу мұз айдыны жайлы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, осы сенбі күні сыныбымызбен Медеу мұз айдынына барып қайтсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Әрине, апай, барайық!

Мұғалім: Барлығын коньки тебу білесіңдер ме?

Оқушылар: Иә! Мен тебе аламын! Иә! Мен де тебе аламын! Мені ағам үйреткен! ...

Мұғалім: Жақсы, жақсы. Бәрің де тебе алады екенсіңдер. Ендеше Медеу мұз айдыны туралы не білесіңдер, тексеріп көрейік. Медеу мұз айдыны қай жерде орналасқан?

Оқушылар: Бұл сұрақтың жауабын мен білемін! Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Мұғалім:  Жарайсың, Айкүнім! Келесі сұрақ – табиғи мұз айдыны ретінде қашаннан пайдаланыла бастады?

Оқушылар: Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады.

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар. Ал Медеу спорт кешені қашан тұрғызылды?

Оқушылар: Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторларға (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мұғалім: Дұрыс жауап, Еркебұлан!

Оқушылар: Мен Медеу туралы тағы бір қызықты дерек білемін - Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Мұғалім: Жарайсың, Мұрагер! Осы сенбі күні онда сағат 12.00 де барсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Жақсы, апай! Келісеміз!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Farpli
10.02.2020 11:47

Менің Түркияға алғаш саяхатым.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма  ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем деболады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.

Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымыз көп болғай!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота