Bredyatish
18.03.2020 01:16

Екі дос егістікте жұмыс істейді. Бірі үйленген, бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған досы ішінен : «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады.Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады. (167 сөз) 1-тапсырма Мәтіндегі тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңдар. Кесте сызып,жазыңдар.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
marysyalabetska
29.05.2022 12:33

Америка Құрама штаттарының ресми мерекелер тізімі.

1 қаңтар – New Year’s day - Жаңа жыл

Қаңтардың үшінші дүйсенбісі - Birthday of Martin Luther King, Jr. - Мартин Лютер Кингтің (кіші) туған күні.

Ақпанның үшінші дүйсенбісі - Washington’s Birthday - Джордж Вашингтонның туған күні.

Мамырдың соңғы дүйсенбісі - Memorial Day - Еске алу күні (бойсұну күні).

4 шілде - Independence Day - Тәуелсіздің күні.

Қыркүйектің бірінші дүйсенбісі - Labor Day - Еңбек күні.

Қазанның екінші дүйсенбісі - Columbus Day - Колумб күні.

11 қараша - Veterans Day - Ардагерлер күні.

Қарашаның соңғы бейсенбісі - Thanksgiving Day - Ризашылық (алғыс айту) күні.

25 желтоқсан - Christmas Day – Рождество (Иса пайғамбардың туған күні).

0,0(0 оценок)
Ответ:
Horvatskiy
27.08.2022 13:15
Ана туралы ойыңды, айтып тауысу алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. 
Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында теңіздің терең тұңғиығындай ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөз де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. 
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота