-Мен 25 мектептегі 6 а сыныбында оқимын. Ал сен қай сыныпта оқисын?
-Мен 32 мектептің 5 сыныбында оқимын.Мектебіңде қанша қабат бар?
-Мектеп 4 қабатты. Ол 23-ші ауданда орналасқан. Ал сенің мектебің ше?
-Менің мектебім 22-ші ауданда орналасқан. Мектебіңде қазақ тілі кабинетінің саны қанша?
-Менің мектебімде 4 қазақ тілі кабинеті бар. Олар 2-ші және 3-ші қабатта орналасқан. Олар таза, жарық және де кең.
-Тағы да қандай кабинеттер бар?
-Орыс тілі және әдебиеті, математика, тарих, георграфия, шет тілдер кабинеті және спорзал, кітапхана, ауен залы бар.
-Біздің мектепте кабинет көп. Оллар кең және жарық. Мектеп ауласында спорт алаңы бар.
Сотқар мысық.
Әкем менің туған күніме қара ала,мамық жүнді мысық әкеп берген болатын.Алғаш көргенімде мысығым сүйкімді әрі қорқақтау болды.Оның үлкен дөңгелек көздері,басының көлемінен үлкендеу құлақтары мені өзіне баураған еді.Қазір мысығымның менің үйімде тұрып жатқанына екі жылдай болыпты.Оның бойынан,әрекеттерінен өзгешіліктерді байқайтын болдым.Мысығым көп ұйықтайтын болды және біз тамақ бермесек көрші үйлерден ұрлап жеп келетінді шығарды.Алысқа ұзап кетпесін деп мен оған жиі тамақ беріп тұруды жөн көрдім.Алайда ол көп уақыт үйге келмеуін жалғастыра берді.Бір күні оны сыртынан бақылайын деп тамақты ыдысына салдым да келесі бөлме есігінен қарап тұрдым.Ол тамақты бір екі рет жалады да тістеп алып далаға шығып кетті.Енді терезеден қарасам,сыртқы есік алдында үш мысық тұр.Ал менің мысығым тістеп апарған тамағын солардың алдына тастады.Бұл төртеуге тағы екеуі қосылды.Осылайша,мен мысығымның сотқар әрі қамқор мысықтардың бірі екендігіне көзімді жеткіздім.