thewinterstale
19.02.2020 15:15

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен

2013 жылы ашылды.

Орталық Азиядағы осынау ірі театр әлемдік сәулет өнерінің ең үздік салынған; оның техникалық жабдықталуы әлемдік стандарттарға сай келеді. Үлкен зал 1250 орынға, Камералық зал 250 орынға есептелген.

классикалық дәстүрлері ескеріле

«Астана Опера» сахнасында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Нұржамал Үсенбаева және тағы басқа әйгілі қазақстандық әртістермен бірге әлемдік музыка өнерінің жұлдыздары: Пласидо Доминго, Зубин Мета, Елена Образцова, Валерий Гергиев, Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Марсело Альварес, Светлана Захарова, Ильдар Абдразаков.. өнер көрсетті.

Бұл сахнада миландық Ла Скала, неополитандық «Сан-Карло», генуялық «Карло Феличе», Ұлттық париж операсы, Санкт-Петербордағы Мариин театры және т.б. айтулы ұжымдар гастрольдік сапар шеңберінде өнерлерін паш етті.

ЭКСПО-2017 аясында Пласидо

Домингоның XXV Халықаралық «Опералия» вокалистер байқауы өтті.

«Астана Опера» театры екі мәрте лауреат атанды: А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсы үшін мәдениет пен өнерСанкт-Петербордағы Мариин театры және т.б. айтулы ұжымдар гастрольдік сапар шеңберінде өнерлерін паш етті.

ЭКСПО-2017 аясында Пласидо Домингоның XXV Халықаралық «Опералия» вокалистер байқауы өтті.

«Астана Опера» театры екі мәрте лауреат атанды: А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсы үшін мәдениет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы (2018) мен «Жылдың театрлық алаңы» аталымы бойынша классикалық өнер саласындағы «Bravo» Халықаралық сыйлығына ие болды (Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019).

(166 сөз)

Париж операсы, вокалистер байқауы, үлкен зал, Халықаралық сыйлығы

ірі театр, сахна, өнер көрсетті, гастрольдік сапар, лауреат

бастама, классикалық өнер, техникалық жабдықталуы

қазақстандық әртістер, әлемдік стандарттар, айтулы ұжымдар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Valeri200666
14.05.2023 14:54
ЗАМАНЫҢ ТҮЛКІ БОЛСА, ТАЗЫ БОП ШАЛ.
Если время — лисица, будь гончей,  ухвати ее.

Елдестірмек — елшіден,
Жауластырмақ — жаушыдан.
 
Заман түзелсе,
Жаман да түзеледі.
 
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.
 
Кілемге бергісіз алаша бар,
Ханға бергісіз қараша бар.
 
Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.
 
Хан — қарақшы,
Халық — сарапшы.
 
Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп.
 
Хан жарлығынан
Қатын жарлығы күшті.
 
Ойында өрелік жоқ,
Ханында төрелік жоқ.
 
Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған.
 
Халық қаласа,
Хан қайығын береді.
 
Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.
 
Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады.
 
Хан халықтан үлкен емес.
 
Арғымақ аттың құйрығы  –    
Әрі жібек, әрі қыл,
Асыл мінез азамат,
Әрі төре, әрі құл.
 
Көп толқыса — хан құлайды,
Көл толқыса — жар құлайды.
 
Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолы жауыр болады.
 
Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.
 
Төренің тілі тәтті,
Діні қатты.
 
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
 
Би екеу болса,
Дау төртеу.
 
Әулекі би
Ат үстінен билік айтар.
 
Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны.
 
Сын түзелмей, мін түзелмейді.
 
Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
 
Иілген басты қылыш кеспес.
 
Есіткен құлақта жазық жоқ.
 
Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.
 
Төбе би де өзіміз,
Төре би де өзіміз.
Қисық болса сөзіңіз,
Құрулы тұр тезіміз.
 
Орайы келген іс — оңай бітер.
 
Есі мақұл дауласса,
Сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек, бір ақылды дауласса
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса,
Сап-саудай болар.
 
Қисық ағаш үй болмас,
Қыңыр жігіт би болмас.
 
Қол — таразы,
Көңіл — қазы.
 
Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.
 
Барымтадан қорыққан
Мал жимас.
 
Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.
 
Уәдені бұзған —
Ұяны бұзғанмен тең.
 
Халық түзетпегенді,
Қалып түзетпейді.
 
Өтпес жарлық — бойға қорлық.
 
Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтере алмас салмағы бар.
 
Орынын тапқан
Орынсыз қалмас.
 
Тең тартқан
Таразы — алтын.
 
Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!
 
Көзбен көргенді
Құлақпен есіткен жеңген.
 
Болмайтын істің басында болма,
Бітпейтін даудың қасында болма.
 
Әділ бидің өлгені —
Сөзінің болса жалғаны,
Ғұламаның өлгені —
Болмаса тәлім алғаны.

 

Источник: мақал-мәтелдер макал мателдер пословицы на казахском языке казахские
0,0(0 оценок)
Ответ:
Эльнуи
26.05.2021 05:11

ответ:Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.

Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота