zhoha2220
21.12.2021 08:00

СОСТАВИТЬ 5 ВОПРОСОВ И ПЛАН тапсырма. Тыңда.
Мәтінді оқы.
Қазақстанда Құралай Нұрқаділова, Берік Ысмайылов, Айгүл Қасымова, Аида
Қауменова, Камила Құрбани, Мая Қуандықова және т.б. заманауи сәнгерлер киім
кию үлгісін жасайды. Олар Қазақстандағы сән өнерінің дамуына зор үлес қосты. Түрлі
сәндік үлгілердегі киімдерді ойлап тауып, халыққа ұсынды. Бұл сәнгерлердің қолынан
шыққан сәнді киімдерді көбінесе сахнада жүрген өнер адамдары киеді. Сәнгерлер өнер
адамдарының сұранысы бойынша арнайы киім үлгілерін дайындайды.
Қазір сәнді киімдерді тігумен айналысатын аттары елімізге танымал «Сымбат»,
«Ерке-Нұр», «Фортуна», «Сара», «Нұр әсем», «Роза», «Дэва» сияқты сән ательелері бар.
«Сымбат» сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы болып құрылған. Қазір әлемге
танымал холдингке айналды. 1972 жылы Қазақстан мамандарының сән үлгілері алғаш
рет шетелге шығарылды. Шетелдегі сән майталмандарының сынынан өтті. 1988 жылы
«Сымбат» сән үйі «Золотая лента» бас жүлдесіне ие болды. Ол Қазақстандағы «Must
industries» (АҚШ Нью-Йорк) секілді танымал компаниялар үшін аты әлемге әйгілі
«Chico's», «White and black», «Victoria secrets» атты сауда маркаларымен киім үлгілерінің
айрықша дизайнін жасап шығарады. Компанияның топтамалары халықаралық
подиумдарда жылына екі рет көрсетіліп тұрады.
1987 жылы «Сымбат» сән театрының негізі қаланды. Сән театры көптеген шетелдік
Сән жәрмеңкелеріне қатысқан. «Сымбат» сән театры Қазақстанның атынан 30-дан
астам елде өз топтамаларын көрсетіп келеді. Франция, Англия, Италия, Канада,
Корей Республикасы, Ресей және т. б. елдерде танылды. Онда қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктері мен мәдениеті негізге алынып, ою-өрнекпен өрнектелген 700-ге жуық
Киім үлгісі жинақталған.
«Сымбат» сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. Бүгінгі таңда
мұндай Сән журналдарының саны көбейді. Олар: «Burda», «Сәулелі сән» (қыз-
келіншектерге арналған мұсылмандық СӘН журналы). «Ерке-Нұр» компаниясының
жанынан 2007 жылдан бері «Ерке-Нұр» атты қыз-келіншектерге арналған әдеби-
танымдық сән журналы ШЫҒЫП келеді.​


СОСТАВИТЬ 5 ВОПРОСОВ И ПЛАН тапсырма. Тыңда.Мәтінді оқы.Қазақстанда Құралай Нұрқаділова, Берік Ысмай

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
СветланаУсова
06.07.2021 06:34

Отбасы – сыйластық ортасы.

Отбасы – сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық бірлік болады. «Әке – асқар тау, ана – аққан бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дейді қазақ халқы. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарады, сондықтан оны су тау дейді. Ана отбасында әрқашан нәр береді, сондықтан оны бұлақ дейді. Балалар әке қамқорлығымен, шеше нәрімен өседі, сондықтан оны су жағасындағы құрақ дейді. Бала өмір бойы әкесінің және анасының осы еңбегін, осы жақсылығын сыйлауы тиіс, оны өтеу перзенттік парыз болып табылады.

Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі. Кішіпейілдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ruslanbaxsiev79
28.07.2021 17:35
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота