Мектеп туралы диалог.
- Аружан, осы екеуміз қанша уақыт көрші тұрып, бірге ойнап жүрсек те, сенің қай мектепте оқитынынды ешқашан сұрамаппын?
- Шынымен де, ойнап жүріп мән бермегенбіз ғой, сірә. Мен қаламыздағы № 8 қазақ гимназиясында білім аламын, ал сен ше, Асылай, қай мектепте оқисың?
- Мен үйіміздің қасындағы №21 орта мектепте оқимын. Гимназияда оқыған қиын емес пе? Қандай сабақ тереңдетіліп оқытылады?
- Жоқ, еш қиындығы жоқ, оқыған балаға, әрине. Тек сабақтарымыз орта мектеппен салыстырғанда сәл кешірек аяқталады. Біздің мектеп физика – математика бағыты бойынша тереңдетілген білім береді.
- Сонда аптасына неше рет физика немесе математика сабағы жүргізіледі?
- Күнделікті.
- Күнде математика оқыған қиын ғой... Біз екі рет оқығанда қиналып жүрсек...
- Жоқ, мүлдем қиын емес. Керісінше, өте қызықты. Себебі біз түрлі есептер шығарамыз, сабақты жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жүргізеді, ал физикадан түрлі тәжірибелер өткіземіз.
- Мен ешқашан сенің мектебінде болып көрмеппін, іші үлкен бе?
- Ия, мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Кабинеттердің іші толықтай жөнделіп, заман талабына сай техникамен қамтылған. Айтпақшы, келер аптаның дүйсенбі күнінен бастап 6 күн бойы мектебімізде «ашық есік» күндері өткізіледі, сонда келіп көруіне болады. Сонымен қатар біздің мектепте білім алғысы келетін оқушылар үшін арнайы емтихан ұйымдастырылады.
-Жақсы, көрсем, көрейін. Рахмет.
Біз оқитын мектеп, үлкен және әдемі. Ол – менің екінші үйім, бұл жерде мен оқуды және санауды үйрендім. Ал, 40, 50 жылдан кейін мектептер қандай болады екен? Осы сұрақ ойыма келге кезде, қиялға батамын.
Менің арманымдағы мектепте, оқушының жеке шкафына электронды құлып орнатылған, ол саусақ іздерінің көмегімен ғана ашылуы керек. Сөмке ұстаудың қажеті жоқ, оқулықтардың орнына әр оқушының жеке дербес компьютері болады. Барлық сыныптар қажетті құрылғылармен жабдықталған, кең және жарық болуы керек. Физика және химия кабинеттері, тәжірибе жүргізуге арналған бөлмелермен қамтамасыз етіледі. Оқу процесі оңай және қызықты өтеді. Бұл үшін ең заманауи технологиялар қолданылады. Спорт залына келетін болсақ, бұл жерде – оқушылар мен мұғалімдер сәнді тренажерлерде жаттыға алады. Жаттығудан кейін бассейнге немесе душқа түсуге мүмкіндік бар. Ал қыста шаңғы мен коньки тебуге болады. Барлығы салауатты өмір салты үшін жасалған! Ұстаздардың барлығы жоғары жалақы алатын, өз кәсібін сүйетін және білімді мамандар. Ал оқушылар – терең ойланатын, үнемі ақпарат іздейтін және ғылыми жаңалықтарды ашуға ұмтылатын азаматтар болады деп ойлаймын.
Қорыта келе,бұл менің арманымдағы болашақтың мектебі.