Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланған. “Жылқы малдың - патшасы, түйе - малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туылған болатын. Мереке - қуанышта, қайғы - қасіретте басқа түскен ауыр күндерде бұл түліктер адамның айырылмас жан досы болған. Біздің жерімізде үй жануарларын өсіруге қажетті жағдайлардың бәрі бар. Шүйгін шөп, су, жайылымдық жерлер жеткілікті. Оның ішінде түйе шаруашылығының пайдасы мол. Түйе 150 - 200 кг. жүкпен 30 - 40 шақырым жол жүре береді. Қазақ халқы еті мен сүті, әрі тағам, әрі шипалы дәрі, жүні - киім, өзі - сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған. Сүтінен емдік қасиеті бар май, шұбат, сыр дайындалса, еті тағамға қолданылды, ал жүні 85 пайыз таза өте бағалы түбіттен тұрады. Барлық шөптің түрін жей береді, шөлге шыдамды. Олардың салмағы 550 - 650 кг, ол 10 - 12 кг. жүн беріп отырады. Басқа үй жануарларына қарағанда түйе біздің елімізде өте аз. Түйе киелі жануар – пайдасы да мол.Қазақтың түйе сүтінен жасалатын ұлттық сусыны - шұбатШұбат - түйе сүтінен ашытылады. Бұл - әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті мол.
Біздің мектепте кітапхана бар.Кітапхана кең, жарық және таза.Кітапханада оқулықтар және әдеби кітаптар көп.Мектеп кітапхананың атқару қызметі үлкен.Кітапханаға оқушылар келіп ,қажетті мәліметтер жаздырып алып отырады, білімдерін толтырады.Мектептің кітапханасында көптеген іс шаралар өткізіліп тұрады.,,Кітап білім бұлағы ,, Туған елім Қазақстан ,, деген сияқты іс шаралар өткізілді.Кітапханада адам кітап оқып білім алады.Кітап білім бұлағының көзі..Кітапхана халық қажетіне жарап ,ғасырлар бойы жасайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку