Lrins
15.09.2020 01:26

Напишите эссе на тему «Природа двух городов» на казахском

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Марта09
01.06.2020 06:50

Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.Менің туып өскен жерім Қарағанды. Барлық керемет кездерім менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Бүгінгі таңда Қарағанды шаhары ең ірі қалалардың бірі болып саналады. Себебі, жерінің көлемі жағынан да, жер қойнауындағы қазынасы жағынан да алғашқы орындарды иемденеді.Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан. Сонымен қатар, бұл қала - елімізге еңбегі сіңген көптеген ірі тұлғаларымыздың, ақын-жазушыларымыз бен әншілеріміздің туған өлкесі.Менде өскенде осы аға-апкелеріміздей ұлы тұлға болатыныма сенемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
darik2042005p07x0l
02.11.2022 04:15

Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным-түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. «Әйел төрт түрлі болады», — депті Қорқыт. «Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі – ынсапсыз әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір әйел». Әйел біткеннің ең жаманы – сол.

Отбасының құты болған әйел даладан қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер. Хан ием, мұндай әйелдер мыңдап өссе де, көп емес, бәлкім аз. Сіздің ошағыңызға осындай әйелдер кез болсын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота