Бағдаршам туралы өлең тақпақтар.
1. Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам.
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да, көлік те,
Сол шаммен жүреді.
Бағдаршам, бағдаршам.
Үлкен біздің қаламыз,
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам,
Көшеде тұр бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам. (Автор: С. Дүкенбай)
2. Бағдаршам
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.
Көзі алысты қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:
Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,
Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.
3. Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
«Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
4. Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын.
5. Бағдаршам (Авторы Ә.Табылдиев)
Менің атым̶ бағдаршам
Кеудем толы жанған шам
Қызыл көзім жанғанда
Сақ болыңдар тоқтаңдар!
Сары көзім жанғанда
Сабырлылық сақтаңдар!
Жасыл шамды көрсеңіз
Бола береді өтсеңіз!
Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің. Сен еггерде шетелде жүрсең өз туған жеріңді сағынасың біреулер "ой маған ондай керек емес дейді" бірақ сондада туған жерін сағынады,жусанын.Ол сол жақта туылды,өсті бәрібірде екі түрлі болады Туған жер мен басқа елді салыстыруға болмайды. Ол сенің туып өскен жерің міне. Сен туған жеріңе қоқыс тастап тағыда неьір нәрселер істейсің демек сен оны аяламайсың Егер сен кетіп қалсаң бір жақққа сен сағынасың. Міне сол үшін айтқан:туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің деп