ответ:Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.
Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.
Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.
Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды.
Объяснение:
мамандардың шетелге кетуінің бірден-бір себебі – еліміздегі әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Бүгінде Қазақстанда жалпы жалақы мөлшері аз. Жыл сайын Үкімет әр сала маманының жалақысын көбейтіп жатырмыз дейді. Бірақ 5 жылдан бері айтарлықтай өзгерісті байқамадық. Ал азық-түлік бағасы қарыштап тұр. Мысалы, былтыр ғана еттің келісі 1 400 теңге болған, биыл 2 000 теңге. Бұл – инфляцияның көрінісі. Мұндай жағдайда жас әрі білікті мамандардың шетелге кетіп қалуы – орынды нәрсе. Егер осылай жалғаса берсе, Қазақстанда мамандар тапшылығы пайда болады. Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде дәрігер жетіспейді. Ең қорқыныштысы – болашақта халықты кім емдейді, кім оқытады, кім дамытады? Кәсіби мамандар шетелге кетпеуі үшін мемлекет жоғарыда айтылған проблеманы шешуге тиіс. Сонымен қатар жеке кәсібін бастағысы келетін жастарға қолдау көрсеткен абзал. Жуырда “Сыбаға” атты бағдарлама туралы естідім. Бағдарлама жеке кәсіпкерге, фермерлікпен айналысамын деушілерге несие береді екен. Меніңше, осындай бағдарламалар бойынша берілетін несиенің процент мөлшерлемесін азайту қажет. 2020 жылы билік осы мәселелерді ескерсе екен деймін.