lolagrigoreva
09.05.2022 23:54

Қысқап . томен . қалық . ұлкен ашық. Құргақ . аяз . бшік Дау. Деу. Лау. Леу. Тау. Теу

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Miku1111
03.10.2020 08:45
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Халқымызда "Жер-Ана" деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу біздің борышымыз. " Жер шоқтығы - Көкшетау, Жер жаннаты - Жетісу" деп ата-бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын осылай білдірген. Сондықтан орман тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдің ластануына ерекше мән берген. Қоршаған ортада көптеген өзгерістер болып тұрады. Мысалы: найзағай жарқылдауы, гүлдердің өсуі, жаңбырдың жаууы, жел соғу бұның бәрі табиғат өзгерістеріне жатады.  Табиғат пен адам қатар ұғым, табиғатсыз адам адамсыз табиғат өмір сүру мүмкін емес. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. себебі адам өз керектісін табиғаттан алады. Табиғатты қорғау, сақтау біздің міндетіміз. Бүгінгі күндегі ең үлкен мәселе- ол экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, көптеген жануарлар мен  өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті қоршаған ортаның көң-қоқысқа айналуы- осының бәрі экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, айтылған мәселелерді шешіп, табиғатқа қамқорлық жасауы тиіс.  Табиғатты құртатын да, қайта жандандыратын да ада. Қоршаған ортаның, табиғаттың таза болуы-адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл - күйі мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен байланысты.  " Таза болса табиғат аман болар адамзат" деген мақал дұрыс айтылған. Сондықтанда табиғатты қорғайық, ластануына жол бермейік!              
0,0(0 оценок)
Ответ:
alusik2005
25.01.2022 10:18

  Сүйіспеншілік туралы

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

   Бауыржан Момышұлы

   Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.

   Павлов Иван Петрович

   Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспешілік туғызған.

   Жан-Жак Руссо

   Егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да, бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса, ол тез арада құрып бітер еді.

   Ілияс Есенберлин

   Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

   Лев Толстой

   Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

   Нұрсұлтан Назарбаев

Мейірімділік туралы

   Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.

   Федор Достоевский

   Мейірімді ер адам алаңсыз. Төмен адам уайымшыл.

   Конфуций

   Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.

   Виктор Гюго

   Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!

   Мағжан Жұмабаев

   Жек көру - бейшаралықтың, кейде ақыл жұтаңдығының бетке ұстаған пердесі, жек көру дегеніміз - мейірімнің, ақыл мен адамдарды түсінудің жетіспеушілігінің белгісі.

   Альфонс Доде

   Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

   Ғабит Мүсірепов

   Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.

   Шәкәрім Құдайбердіұлы

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота