aarzymova
07.01.2023 23:34

Тапсырма Төмендегі тапсырманы орындаңыз. Қазақстан қорықтары

«Қорық» сөзі - өте көне ұғым. Ол Киев Русінің тұсында аң аулауға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қорық - үкіметтің қорғауында болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ Қорықтың негізгі міндеті - қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес сонымен қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме. Мұнда саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары

белгіленеді.

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-орын алады. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы

1. Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

Негізгі ақпараттар

14

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
КЁНУЛЬ07
09.10.2020 15:09
Вот:Махамбет Өтемісұлы қазақ халқының тарихи ауыр кезеңінде, ХІХғасырдың басында дүниеге келген. Оның туған жері, туған жылы туралы деректер нақты емес. Орал казак әскері Махамбетті қашып жүргенде 1841 жылы наурыз айында ұстап, оны Орынборға жөнелтерде сырт пішінін және жасы 37-де деп көрсеткен. Бұған сүйенсек - ол 1804 жылы туған болады, кейде солай жазып та келеміз. 

Махамбеттің қарымы - Байұлының Беріш руы. Әкесі Өтеміс, Құлмәлі ауылы Нарын құмының шығыс жағын, Ақшунас, Шағыр шағыл төңірегін мекендегені архивтен белгілі. Ал Махамбеттің туған жері БатысҚазақстанныңЖаңақала ауданындағы Бекетай құмы делінеді.

Сонымен Махамбет 14 жасында әкесінен айырылып, ағалары мен шешесі Қосуанның тәрбиесінде болады. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда Қосуан өжет, есті адам болыпты. Балаларының тәрбиесін өз қолына алған ана оларды адалдыққа, адамгершілікке, бауырмал болуға тәрбиелейді. Қолынан келгенше балаларын оқытады. Махамбет татарша сауатты жаза білген.  Махамбет жас кезінен-ақ ақындығымен көзге іліне бастайды. Ол 10 жасқа жетпей-ақ өлең шығарған секілді. Оның "Түйелі шалға айтқан жауабы" деген өлеңі ел арасында сақталған. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
11nastyaaaaa11
12.08.2022 02:56
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота