АняГ11
18.04.2020 03:40

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
rimmochkapups9p0dicd
12.09.2021 08:07

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
nastiadair
05.04.2021 13:37

Тіл – халықтың ең басты қазынасы. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, бұл мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл қазақ, орыс және ағылшын халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту болып табылады. Атап айтатын болсақ, қазақ тілін дамыту керек, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

8 сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» атты қалалық сайыс өткізілді. Сайысқа ШҚМТУ, ШҚМУ, ҚАЕУ, ШҚАУ және Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледж студенттері қатысты. Сайысқа қатысушылар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Сайыстың мақсаты – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау, «тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту.

Біздің университет атынан магистрант Злобин Бақыт Николаевич, тау-кен металлургия факультетінің 10-ЦМК-1 тобының 3-курс студенті Нәбиева Әйгерім Әлібекқызы, сәулет-құрылыс факультетінің 11-АРК-1 тобының 2-курс студенті Үркембаева Бақытгүл қатысты.

Сайыс талаптары бойынша қатысушылар төрт тур бойынша бақ сынасты. «Ұлттаным» тапсырмалары бойынша сайыскерлер қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалар жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап берсе, «Мәдениеттаным» тапсырмалары бойынша қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап берді. Ал «Елтаным», «Өнертаным» турларында қазақ елі, оның аймақтары жөнінде ағылшын тіліндегі тапсырмаларды орындап, сайыскерлер өздерінің тапқырлықтарын, ой-өрістерінің кеңдігін, өнерлі екендіктерін көрсете білді. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға дәл, нақты жауап бере білді.

Бұл сайысқа студенттерді дайындауда қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының ұжымы аямай тер төкті. Соның нәтижесінде біздің университет тағы да алға шықты. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей жүлделі орындар анықталды. Бас жүлдені ШҚМТУ магистранты Злобин Бақыт, І орынды ҚАЕУ, ІІ орынды ШҚМУ, ІІІ орынды ШҚАУ иеленді.

Сайыс соңында қатысушыларға үш тілді меңгерудегі жетістіктері үшін бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары, алғыс хаттар таратылды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота