Биздин туган жеримиз - Казакстан.
Объяснение:
Туған жер сыры тауында, шоқыларында,
Туған жер жаққан жастықтың оты жанымда.
Өмірде қандай бақыт бар атамекеннің
Еркелеп келіп аунасам топырағында?!
Даланың сазын желемік күйші пайымдар,
Жұпарлы гүлдер қонаққа иісін дайындар.
Шегірткелердің хорына тербеліп әуре
Маңғаз қарағай қасында биші қайыңдар.
Таң атса шықтың көремін тірлігін жаңа,
Мың күнімнен мұндағы бір күнім дара.
Тұман әукесі салбырап басқанда естимін
Шашбау таққан өзеннің сылдырын ғана.
Бір сәт құлақ сап даланың қоңырауына,
Маздаған мақпал кеште де толы мағына.
Қиялға шомып кетемін қап-қара аспан
Жұлдыздан түйме таққанда омырауына.
Мұхаммед Қонқаев
ответ:1 - наурыз – алғыс айту күні. Бұл атаулы күннің түп - тамыры қазақ халқының тарихымен тікелей байланысты. Ұлт пен тарих сабақтастығы арқылы, бүгінгі таңда осы айтулы күнді ерекше атап өткеніміз жөн. Марғау тарих куәгер болғандай, біздің арғы ата - бабамыз жер аударылған панасыз, киімсіз аш халықтарға қамқор болып, үйіне кіргізіп, барымен бөлісті. Көңіліне медет, келешегіне демеу, өзіне үміт сыйлады. Қазақ халқының бұл кеңпейілділігі – барша әлем жұртшылығына үлгі боларлық іс.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — дейді Қазақстан Президенті.
Объяснение: