Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.
Кез келген географиялық кітаптарды немесе ғаламтор беттерін ашар болсаңыз, «әлемдегі ең құрғақ жер қайсы?» деген сауалыңызға Чили жеріндегі Атакама деген жауап аласыз. Алайда, бұл жаңсақ жауап. Атакама - Антарктиканың құрғақ жазықтықтарынанан кейін екінші орында тұр. Бұл – 2 миллион жылдан бері жауын-шашын көрмеген (Атакамаға 400 жыл бойы жаумаған) жер бетіндегі ең құрғақ жер саналады. Аталған көрсеткіштер өз алдына көп нәрсені айтып тұр.
Сенер сенбесіңізді білмей әбігерге салынып отырғаныңызды жақсы білеміз. Өйткені, біздің ұғымымыздағы Антарктика мұз бен қар жамылған, мәңгі қыс орнаған мекен екені айдан анық. Десе де, Мак-Мёрдо бұғазына таяу маңдағы 8 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Виктория, Райта, Тейлор атты үш аңғардың аумағын ешқандай мұз баспаған, керісінше, сусырап жатыр.
Бұл құбылыстың себепкері - 320 км\сағат жылдамдықпен соғатын Катабатикалық желдер (бұл жер бетіндегі максималды жылдамдық). Аталған желдер бүкіл дымқылды буландырып, кептіріп жібереді. Осының арқасында аңғарлар 8 млн. жылдан бері қар мен мұзға тәуелсіз болып келеді.
Құрғақ дала дегенде көз алдыңызға өзен-судан жұрдай жазықтықтың келетіндігі қалыпты жағдай. Солай болғанымен, бұл дала өзгелерге ұқсамайды. Бұлай дейтініміз, аумақта Антарктиканың Оникс және Вида атты әлемдегі ең тұзды өзендері ағып жатыр. Оның тұздылық мөлшері Өлі теңізден әлдеқайда күштірек. Өкініштісі, өзен беттерінде қалың мұз қаптап жатыр.
Жазықтықта қалың қар мен қаусаған мұз жоқ болғандығымен, мұндағы жануарлар басқа құрлықтарға қарғанда өте аз. Шамасы, олар да мұндай құрғақ жерде өмір сүруге икемсіз секілді.
Мұндай климат Марс планетасының табиғи жағдайларына аса ұқсас болғандықтан, ғалымдар зерттеу жұмыстарын осы мекендерге тікелей бағыттап отыр. 2004 жылдан бастап Антарктиканың шөл аңғарлары ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды.