СОЧ Кто в течение 20 минут
Оқылым
Менің Отаным -Қазақстан
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9 орын алады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып саналады. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік - баға жетпес байлық.
Еліміздің мемлекеттік рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар тәуелсіздігіміздің нышандары болып табылады. Мемлекеттік рәміздер заңмен қорғалады.
Қазақстанның елордасы - Астана қаласы. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге.
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. Астана қаласының бас символы – «Бәйтерек» монументі. Оның биіктігі – 97 метр. Астанада саябақтар, жаңа ғимараттар бар. 1999 жылы Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
1-тапсырма. Берілген сұрақтарға толық жауап бер.
А) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атап жазыңыз.
Ә) Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орын алады?
2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбына сәйкес келеді?
А) Оқу - білім бұлағы
Ә) Денсаулық зор байлық
Б) Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
В) Ас - адамның арқауы
3-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
Дүниежүзі
Қазына
Егеменді
4-тапсырма. Берілген сөздерді көпше түрде жазыңыз. (–лар, -лер, -дар,-дер,-тар,-тер)
Мемлекет-
Рәміз-
Қала-
Заң-
Жазылым.
«Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына шағын әңгіме құрап жазыңыз.
(5-6 сөйлем)