ЛизаБугакова
02.11.2020 19:44

Бауыржан Момышұлына арналған қаһармандық рухтағы танымал шығарманың бірі – «Ақиқат пен аңыз». Авторы – Әзілхан Нұршайықов. Романның жазылу стилі де ерекше. Бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогы арқылы өрбиді. Шығармада Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы қанық байқалады. Батырдың жастық шағынан бері, Кеңес Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезін, Ұлы Отан соғысының отты жылдарындағы бастан кешкендерін, одан кейінгі уақыттағы ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында толық әрі қызықты баяндайды. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985) тілдеріне де аударылып жарияланған. 1980 жылы «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы үшін Әзілхан Нұршайықовқа Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Мәтін не туралы?(1б)
2.Мәтіннің жанрын анықта.(1б)
А) әңгіме ә) мақала б) аңыз
3.Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр.(2 б)
4. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы үшін Әзілхан Нұршайықовқа қандай атақ берілді? (1 б)
5.Мәтіннен төмендегі сөздердің синонимдерін тап. (4 б)
батырлық -
шындық-
әйгілі-
даңқ-

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
shulbert
18.09.2020 01:43

"Есік" қорық-мұражайы 2010 жылы құрылған. Мына схемада мұражай нысандарына кіретін мұражай ғимаратымен қоса "Есік қорғандары" қорымы, ежелгі сақтардың Өрікті, Рахат қалалары, орта ғасырдағы Талхиз қаласы көрсетілген. Қорық-мұражайдың жалпы аумағы 422 гектардан асады.Қорық-мұражайдағы қорым аумағындағы екі қорған. Қорымда 80-нен астам осындай қорған бар. Олардың көбі бұған дейін бірнеше рет (әсіресе 17-18 ғасырларда) қазылып, тоналғанын байқауға болады. Есік қорымын әйгілі еткен тарихи-мәдени жәдігер – осы жерден табылған сақ дәуіріндегі жауынгер - "Алтын адам" ескерткіші. "Алтын адам" кейін тәуелсіз Қазақстанның символдарының біріне айналды. Есіктегі қорық-мұражайдың бірінші қабатына қойылған "Алтын адам" көшірмесін 1995-1997 жылдары Қырым Алтынбеков дайындаған. Есік қорымындағы әйгілі "Алтын адам" табылған қорған сақталмаған. Ол жерге кейіннен құрылыс түскен. Тарихи жәдігер табылған тұста қазір мынадай жазуы бар белгі қойылған. Археолог Кемал Ақышевтің пікірінше, "Алтын адам" біздің дәуірімізге дейінгі 5-4 ғасырларда өмір сүрген.Алтын адамды" Кемал Ақышев (1924-2003) жетекшілік еткен археологиялық экспедиция тапқан. Мұражай экспозициясындағы мына фотода ғалым жоғарғы қатарда ортада көзілдірік тағып тұр. "Алтын адамды" тауып, қазба жұмыстарын жүргізген археологтар тобында сол кезде кіші ғылыми қызметкер болып істеген Бекмұханбет Нұрмұханбетов те болғанБекмұханбет Нұрмұханбетов (1935-2016) өз бастамасымен құрылған "Есік" қорық-мұражайында өмірінің соңына дейін ғылыми қызметкер болып еңбек етті. Мұражайда ол жұмыс істеген кабинет мемориалдық орынға айналған. Кабинет зерттеушінің көзі тірісіндегі қалпы тұр. Жұрт "Бекен-аға" атап кеткен Бекмұханбет Нұрмұханбетов қайтыс болғаннан кейін кабинетіне оның мүсіні қойылған.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
zontikmily
14.01.2021 18:46

Атмосфера дегеніміз - Жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады.

Соның ішінде маңыздысы - ауа - түрлі табиғи газдар қо Ауаның біздің өмірімізде алар орны ерекше. Барлық тіршілік атаулының – адамдар мен жануарлардың, тіпті өсімдіктердің тыныс алуына қажет. Ауасыз өмір болмайтыны баршамызға мәлім. «Ауадай қажет» деген тұрақты сөз тіркесі де осыдан пайда болған шығар.

Бірақ біз табиғаттың бізге берген теңдесіз сыйын дұрыс пайдалана білеміз бе? Соңғы елу – алпыс жылда ауаның құрамы мен сапасы нашарлап, бұл барлық әлемдегі ғалымдарды алаңдатуда. Ауаның ластануы салдарынан экологиялық ахуал да нашарлап, бұл әлемдік деңгейде түрлі мәселелерге әкеп соғуда. Сондықтан дүние жүзі ғалымдары ауаның ластануын болдырмау немесе барынша азайту мақсатында бұл мәселенің шешімін ұсынуда. Мысалы, түрлі химиялық әдістермен тазарту, тау – кен өндірісі мен түрлі зауыттар мен өндірістердің қалдықтарын арнайы сүзгілерден өткізіп тазалау т.б.

Ал біз өз тарапымыздан атмосфераның ластануын болдырмау үшін не істей аламыз? Барлығымыз білетіндей жасыл желек оттегі бөлетіндіктен, ағаштарды көптеп отырғызуға болады. Ал жайқалып өсіп тұрған ағаштардың түптерін әктеп, қадағалап отыру керек. Барлығы өз қолымызда екенін есте ұстап, сіз бен біз болып қоршаған орта тазалығын сақтайық!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота