hihilaim
14.04.2022 22:46

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы журналистің ұстанымы қалай болуы тиіс? эссе 150 сөз А мәтіні
Қазақ журналистикасының бүгінгі жай-күйін бағамдап, ой бөлісуге осы саланы тереңдеп зерттеп жүрген белгілі ғалым Қуандық Шамахайұлын әңгімеге тартқан едік.
- Қазіргі күні еліміздегі отандық теле-радиолардың жұмысы қоғамның рухани сұранысын толық орындай алып отыр ма?
- Әрине, отандық телерадио журналистика үнемі даму үстінде. Белгілі деңгейде қоғамдағы рухани сұранысты қанағаттандырып отырған тұстары да баршылық. Оқиғаны өтіп жатқан ыстық ошағынан дер кезінде жеткізуге міндетті телевизия журналистері үшін өздерінің әр қадамдарына мұқият болу талап етіледі.
-Бүгіннің өзінде газет-журналдардың орнын түрлі порталдар мен сайттар ауыстырып жатыр. Бұл тұрғыда не айтасыз?
- А пайда болған кезден бастап, бүгінгі күнге дейін әртүрлі қарым-қатынас деңгейінде сан қилы тәсілдер мен құралдар арқылы өзара байланыс жасады. Қазақ даласында тасқа қашалған таңбадан бастап, түрлі ою-өрнектер де ақпарат алмасудың белгілі бір қызметін атқарды. Айталық, жеті өзенді асырып ұзатылған қазақ қызы төркініне өз қолымен кестелеген түскиіз немесе сырмақ, орамал секілді бұйымдарды Атыраудан Алтайға жолаушылар арқылы сәлемдеме етіп беріп жібереді. Оны алған ата-анасы, туыс-туғандары кестенің түр-түсі, ою-өрнегіне қарап қыздарының сары түсті көбірек қолданған болса, сағыныштан сарғайып жүргенін, жасыл, көк түс басым болса, жағдайының жайлы екендігінен хабардар болып отырған. Өзге де қуаныш пен қайғыны, сәттілік пен қиындықты бейнелейтін ою-өрнектің неше түрлісі болған екен. Кейін жазудың пайда болуы хат алмасуға, пошта, телефон, радио, телевизия секілді құралдардың өмірге енуі байланысты одан ары жетілдіре түскені аян. Әрине, бұл саладағы тиімді құрал өмірімізді өзгерту үшін жасалған Интернет екендігі белгілі. Интернет басылымдар пайда болып, өз қолданушылары мен оқырмандарын тапты. Мұны өз басым дәстүрлі журналистиканы ығыстыру немесе оны бұқаралық ақпарат алаңындағы тағынан түсіру деп санамаймын. Алғаш радио, кейін телевизия пайда болғанда да газет-журналдың күні бітті дейтіндер болған. Бірақ, бүгінгі таңда бәрі де өз орындарын сақтап қалды. Бірі екіншісінің орнын толтырып, қоғамға қызмет ете беретіні басы ашық әңгіме. Сондықтан, газет-журналдардың орнын түрлі порталдар мен сайттар ауыстырып жатыр дегенмен келіспеймін. Ауыстырып жатқан жоқ. Керісінше, БАҚ қатарына қосылып, ақпарат айдынында өз орнын тауып жатыр.

 
 Ә мәтіні
Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе?  Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. "Журналистика" термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Бұл – "күнделік", "журнал" деген мағынаны білдіреді. Ағылшын тілінде осыған ұқсас «journalism», неміс тілінде «Journalistik» деген сөздер бар. Ел аузында журналист мамандығын "екінші көне" мамандық деп атау қалыптасқан. Сөздің жаны бар, себебі Ежелгі Рим мен Грекия жерінде "журналистер" – шешендер, жаршылар мен хабаршылар бар болатын. Олар патша жарлығын халыққа жеткізу үшін қызмет ететін. Ежелгі Египеттегі перғауындар сарайында папирустан оралған газеттердің шығып тұрғандығы белгілі. Рим жерінде Юлий Цезарьдың айтқандары бірнеше дана болып жазылып, халыққа таратылғандығы да тарих беттерінде айтылады. Нағыз репортерлік қызметті француздар дамытты. Олар алғашында қала көшелеріне жиналып, Париж жаңалықтарымен бөлісетін, кейіннен олардың арасынан жаңалық таратумен арнайы айналысатын адамдар бөлініп шыға бастады. Ең алғашқы "журналистерді" бай париждіктер арнайы шақыртып, ақпарат сұрайтын болған. Ал нағыз журналистика баспа үйлері ашылып, кітап басып шығару үрдісі дамығаннан кейін пайда болды. Алғашқы газеттерде саудагерлер және олардың тауарлары, сауда жолдары, тауар бағасы жазылатын еді. Қазақ ба өзінің де халықтың саяси ой–пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. («Егемен Қазақстан» газеті)
осы екі мәтін бойынша жасалуы керек​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kotorosmax1
13.01.2020 04:13

Ел мен жер тағдыры екіталай күйге түскенде қолына ер-азаматтармен бірге қару алып, ұрыс даласында атой салған қазақтың батыр қыздары мен аналарының көп болғаны қарт тарихтың еншісінде жатқан хақ ақпар. Бүгінде оларды дәріптеу былай тұрсын, есімін ұран еткендердің қатары мол. Бұл анасын ардақтаған текті ел үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш болса керек-ті.  

Қазақ қыздарының әрбірінің бойында қайсарлық пен батылдық, жанарында жалын бар. Олардың осындай қайсарлығы мәңгі өшпес алаумен тең. Үндінің Дели сұлтандығының басын XIII ғасырда қарумен қосқан Рәзия патшайымның да шыққан тегі қыпшақ екені белгілі болды, яғни, түбі қазақ деген сөз. Сондықтан да батыр аналарымыз жайлы тарихтың тереңінен мейлінше сыр суыртпақтауға болады. Домалақ ана, Қызай ана, Жанат, Қарқабар, Алтыншаш, Әлпеш, Момын аналар, Айсары, Таңсұлу, Айтолқын арулар, Ақбикеш, Мақпал, Бопай ханымдар, Айша бибі, Рабиға бегім, Қарашаш, Еңлік, Баян сұлу сынды қазақтың батыр қыздары мен аналары том-том еңбектер жазуға лайық.

Атақты Қабанбай батырдың жары Гауһар  өте ақылды, тапқыр жан болған деседі. Соғыста әртүрлі тәсіл ойлап таба білген. Мәселен, түйенің өркешіне найза байлап соғыс алаңына алып келгенде жау жағы қазақтарға қосымша әскер келді деп қаша жөнелген екен. Осындай тәсілдерді соғыс үстінде таба білуімен ерекшеленген Гауһар мәңгі ел есінде.

Назым – Қаракерей Қабанбай мен Гауһардың қызы. Қаһарман қыз сан рет жау әскерін талқандап, әкесімен бірге қазақ-жоңғар соғысына қатысып, елін қорғаған оның ерлігі елге аңыз болып тараған.  

Ақбикеш жауды алыстан көретін қырағылығымен танылған қыз екен. Соғыста жау жасағын бақылап, оның бағытын хабарлап отырған. Тіпті, жау бағытын анықтау үшін Қаратау өңіріне биік мұнара салдыртқан. Талай ұрыста қапы қалып, әбден өшіккен жау Ақбикешті қолға түсіріп, қырағы көздерін ойып тастаған көрінеді. Қаратаудағы «Ақбикеш мұнарасы» осы батырдың құрметіне аталған.

Ботагөз батыр – Есет баһадүрдің қызы. 1742 жылы Орынборға кеткенде елін қалмақтар шауып, жылқыны айдап алып кетеді. Сол тұста  150 сарбазды бастап барған Ботагөз жау әскерін тас-талқан етіп, тірі қалғанын тұтқынға алып жеңіспен оралған. Қыз бастаған қолдан ойсырай жеңілгенін естіген қалмақ қолбасшысы  бас сауғалап үлгерген негізгі әскерді қатаң жазалаған екен.  

Бопай батыр – Кенесары ханның қарындасы. 1837-1847 жылдары Ресей отаршылдығына қарсы жүргізілген көтеріліске қатысқан ол   600-ден астам сарбазды басқарған. Бірнеше рет тұтқынға түссе де  ебін тауып құтылып отырған Бопай батыр сарбаздарды азық-түлік, қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз етуде айрықша қажыр-қайрат көрсеткен. Барлық істе табандылығымен, ақыл-парасатымен танылып отырған қазақ елінің мақтанышы, ардақты анасы.  

Бақты батыр – әкесі жаужүрек болған текті жердің қызы. Алаш арыстарының бірі Мұстафа Шоқайдың әжесі. Бақты әкесімен бірге Түркістанды жаулаушы орыс отаршылдарына қарсы барлаушылық қызмет атқарған.

Міне, қазақтың осындай жаужүрек батыр қыздары мен аналары ел тарихын қалауда, елдігімізді берік етіп, мемлекетімізді құруда айрықша үлес қоса білген. Біз сондай-ақ Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды майдангерлерді, Ләззат пен Сабирадай  қайсар қыздарымызды атаусыз қалдыра алмаймыз. Олар да кешегі батыр аналардың жолын жалғаған, елдігіміз үшін, өр рухымыз үшін аянбай күрескен намысшыл аруларымыз еді. Сол намысты да рухты қыздарымыз бен аналарымыздың ізбасарлары  егемен елден көптеп шыға бергей.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Still06
13.05.2022 06:46

ответ:Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота