1. Еуропада зейнеткерлер көп+Еуропа-Кәрі құрлық.
2. Халық санының көбеюіне байланысты факторларға байланысты.
3. Бізде (Алматы қаласында) халық саны артады деп ойлаймын. Адамдар Алматыға тек жұмыс істеу үшін ғана емес, сол жерде өмір сүру үшін келеді. Себебі, 1) Алматы ең ірі шаһар, халық саны 2млн-нан асады, 2) Жұмыс тещ табылады, 3) Қытайдан келген қазақтар Алматыға келеді, 4) Алматының климаты өте қолайлы. Өте ыстық емес, өте суық та емес. Яғни, қысы суық, жазы ыстық.
P.S. Мен өз ойымды жаздым+мен ауылдық жерде тұрам(ауылдың жағдайы жақсы, шүкір).
Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. Жабықтұқымды өсімдіктердің маңызды элементтерінің бірі.
Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.
Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.