
Алматы
Объяснение:
Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді.
Алматы ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды.
1929 жылы Алматы зоотех- малдәрігерлік институты,
1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты,
1931 жылы Қазақ медициналық институты, ал
1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір институттардың ірі факультеттері жеке институт, университет және академия болып бөлек құрылды. Алматыда Қазақстан ҒА-сы құрылды (1946). Оның тұңғыш президенті болып академик Қ.Сәтпаев сайланды. Алматыда қазақ драма театры, орыс драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, опера және балет театры, ұйғыр және корей музыкалық театрлары, Қазақ мемлекеттік филармониясы, орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтар бар.
1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.
1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл- Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті