6. Есепті шығар.
Мектепте Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фотосуреттерден көрме
ұйымдастырылды. Бірінші залға 64 фотосурет, екінші залға одан
2 есе кем фотосурет қойылды. Ал үшінші залға бірінші мен екінші
залға қанша фотосурет қойылса, сонша фотосурет қойылды.
Көрмеге барлығы неше фотосурет қойылды?